Бұл — «Сұңқар» универсиадасы!

Жуырда Жанайдар Мусин атындағы Көкшетау жоғары қазақ педагогикалық колледжінің спорт залында «Сұңқар» студенттік универсиадасы аясында волейболдан жарыс басталды. Жарысты ұйымдастырушы – Көкшетау қалалық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі.

Биылғы турнирге қаланың әртүрлі  колледждерінің атынан сегіз команда қатысты. Турнирдің ашылуы салтанатты жағдайда өтіп, жарысты қабылдап жатқан оқу орнының директоры Нұртас Ахат пен спорт бөлімінің бас маманы Е.М.Мұратбеков құттықтау сөз сөйледі.

Екі күнге созылған жарыс көрермендерге көптеген жарқын және қызықты ойындар сыйлап, әр команда өзінің жоғары техникасы мен жеңіске деген ұмтылысын көрсетті.

Аталмыш жарыста турнир иелері – Жанайдар Мусин атындағы Көкшетау жоғары қазақ педагогикалық колледжінің командасы жеңіске жетсе, екінші және үшінші орындарды «Арна» жоғары колледжі мен азаматтық қорғау жоғары көпсалалы колледжінің волейболшылары өзара бөлісті.

Жарыс қорытындысы бойынша жеңімпаздар мен жүлдегерлер кубоктармен, медальдармен және грамоталармен марапатталды.

«Арқа ажарының» өз ақпараты.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар