Заң және тәртіп
Бұланды ауданы прокуратурасының бастамасымен алимент төлеуден жалтару бойынша 2 қылмыстық іс қозғалып, оның бірі сотқа жіберілді.
Аудан прокуратурасы борышкердің ЖШС директоры болып істейтіндіктен, алимент төлеуге нақты мүмкіндігі бола тұра, өз міндеттерін орындау үшін шаралар қабылдамай, ұзақ уақыт әрекетсіз болғанын анықтады. Соның салдарынан борышкердің қарызы 4,5 миллион теңгеден асып кеткен болып шықты.
Іс сотқа жіберілгеннен кейін ғана борышкер толық шығынды өтеп, іс бойынша өндіріс тоқтатылды.
Осы орайда, ер азаматтардың, яғни, әкелердің өздерінің балаларының алдында алимент жөніндегі міндеттерін үш айдан астам орындамағаны үшін екі жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан шектеуге немесе сол мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жазаға тартылатындығын еске саламыз.
Балалардың аузынан жырып…
Жақсы ауданы прокуратурасы «Болашақ» балабақшасының қызметіне тексеріс жүргізді.
Тексеріс барысында балабақша есепшісі қызмет және тауарларға арналған 9 миллион тенгені өз шотына аудару арқылы бюджет қаражатын жымқырғаны анықталды.
Аталған дерек бойынша аудан прокуратурасымен сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталып, одан әрі іс тергеу экономикалық тергеп-тексеру департаментіне тапсырылды.
Ақмола облысының прокуратурасы.