Жолдауға – қолдау!
Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауында «Адамдардың құқықтық мәдениетін дәйекті түрде арттыру, қоғамдық санада жасампаз құндылықтарды дамыту қажет. Әрбір азамат өз сөздері мен іс-әрекеттерін заң тұрғысынан бағалап, өз іс-әрекеттерінің құқықтық салдарын нақты түсінуі тиіс», деген болатын.
Мемлекет басшысының тапсырмаларын орындау аясында Әділет министрлігі тұрақты негізде халықтың құқықтық сауаттылығын арттыру бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізуде. Мәселен, 2024 жылы «Халық заңгері», «Әділет кеңес береді», «Ашық есік күні», «Тегін заң көмегі күндері» акциялары іске қосылды. Өткен жылы республиканың барлық өңірлерінде жалпы саны 100 мыңнан астам адамды қамтитын 1310 консультативтік-түсіндіру іс-шаралары өткізілді.
Ауылдық елді мекендер тұрғындарының құқықтық сауаттылығын арттыру мақсатында 2000-ға жуық «Құқық кабинеттері» ашылды, олар аудандық, ауылдық клубтардың ғимараттарында, демалыс орталықтарында және тағы басқа «Egov» бұрыштарының базасында жұмыс істейді. Кабинеттерде қолданыстағы нормативтік құқықтық актілермен танысу үшін «Әділет» АҚЖ, «Заң» ДБ-ға, сондай-ақ, ақпараттық жүйелерге (e-otinish, «Ашық НҚА» порталы және тағы басқалары) қолжетімділігімен толық техникалық бұрыштар жабдықталған.
«Әрбір цифрлық реформа, әсіресе, заң көмегіне қол жеткізу шектелген шалғай аймақтардағы адамдар үшін қолжетімді сот төрелігіне қадам болып табылады», деп атап көрсеткен болатын Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев.
«E-ZanKomegi» заң көмегінің бірыңғай ақпараттық жүйесі іске қосылды, ол eup.kz. сайтында онлайн режимде заң қызметтерін ұсынуға және алуға арналған. Сондай-ақ, «Zan Komegi» мобильді қосымшасы да қазір қолжетімді, оның шеңберінде азаматтар өздерін қызықтыратын құқықтық сұрақтарға бейне қоңырау арқылы жауап ала алады. Жүйе 2000 мыңға жуық адвокаттар мен заң кеңесшілерінің қатысуымен азаматтардың білікті заң көмегіне қол жеткізуін қамтамасыз етуге және жеңілдетуге бағытталған. Бұдан басқа, «Е-нотариат» бірыңғай нотариаттық ақпараттық жүйесі жұмыс істейді, ол бейнеқоңырау арқылы онлайн режимде мүлікті басқаруға қатысты сенімхаттарды қоспағанда, сенімхаттар мен ерлі-зайыптылардың келісімдерінің барлық түрлерін алуға мүмкіндік береді. Бұдан бөлек, заңсыз әрекеттерді болдырмау мақсатында клиенттерді биометриялық сәйкестендіру қолданылады, өтініштерге қол қою кезінде QR-қол қою сервисі пайдаланылады, қызмет нәтижелері 24/7 режимінде govMobile
«Цифрлық құжаттар» сервисінде қолжетімді.
Осылайша, осы қызметтің арқасында Қазақстан азаматтары нотариусқа бармай-ақ 200 мыңға жуық сенімхат пен ерлі-зайыптылардың 70 мың келісімін заңды түрде ресімдей алды. Соның ішінде Ақмола облысы бойынша нотариусқа бармай-ақ 6000 мыңға жуық сенімхат пен ерлі-зайыптылардың 1300 мың келісім ресімделді.
Тағы бір маңызды жетістік «Сот орындаушысы роботын» енгізу болып табылады. Мәселен, 20 айлық есептік көрсеткішке (АЕК) дейінгі әкімшілік айыппұлдар уақытылы төленбеген жағдайда уәкілетті орган мәліметтерді ЖСО қатысуынсыз іс жүргізуді қозғайтын Робот сот орындаушысына береді. Іс қозғалғаннан кейін азаматтар іс туралы егжей-тегжейлі ақпараты бар EGov Mobile-да 1414-тен SMS хабарлама және push-хабарлама алады, сол арқылы азаматтар айыппұл сомасының 25 пайызын қосымша төлеуден және сот орындаушысына барудан босатылады, өйткені, барлық әрекеттер онлайн режимінде жүргізіледі.
Цифрлық сот орындаушысы іске қосылған сәттен бастап, бүгінгі күнге дейін 2,2 миллиард теңге сомасын құрайтын 109 мыңнан астам атқарушылық іс қозғалды. Үнемдеу сомасы азаматтардың пайдасына 550 миллион теңгені құрады.
Ақмола облысы бойынша 327 941 466 теңге сомасына 16 999 жеңілдетілген атқарушылық іс жүргізу қозғалды, оның ішінде 63 568 646 теңге сомасына 3378 атқарушылық іс жүргізу аяқталды.
Облыс тұрғындары жеке сот орындаушыларының қызметіне ақы төлеуді болдырмау есебінен 81 985 367 теңге үнемдеді.
2025 жылы адамдардың өмірін цифрлық дәуірде жеңілдету және ыңғайлы ету, сондай-ақ, уақыт пен ақшаны үнемдеу үшін әділет органдарының жұмысын жақсарту жоспарлануда. Негізгі өзгерістер:
- ЖИ – «Әйтеке» көмекшісі – қарапайым заңгерлік консультациялар мен құжаттарды жинауға көмектесу үшін чат-бот.
- Робот-сот орындаушысының құзыреті кеңейіп, ол айналысатын берешек мөлшерінің шегі 20-дан 40 АЕК-ке дейін өседі, бұл азаматтардың жылына 12,2 миллиард теңгесін үнемдейді.
Бұл құралдар тәуліктің кез-келген уақытында пайдалануға мүмкіндік бере отырып, қарапайымдылығымен, жеделдігімен және қолжетімділігімен ерекшеленетін болады.
Қабылданған шаралар азаматтардың құқықтық сауаттылық жөніндегі санасын нығайтуға және олардың құқықтары мен міндеттерін түсінуді жақсартуға ықпал етеді. Қызметтерді оңайлату жөніндегі жұмыстардың нәтижесінде қазақстандықтар уақыт пен ақшаны үнемдейді, осы қызметтерді алуда қолжетімділік пен ыңғайлылық артады, сондай-ақ, әкімшілік кедергілер азаяды, ал, бұл процесті неғұрлым ашық және тиімді етеді.
Баукен ӘЛМЕШ,
Ақмола облыстық әділет департаментінің басшысы.