Ұлы Жеңіске арналды

Содан бергі 80 жыл тұтас бір дәуір. Бірақ, Ұлы Жеңіс туралы естелік ескірмейді және өшпейді. «РИО» сауда-ойын-сауық орталығында Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдығына арналған концерт өтті.

«Достар» мәдениет сарайы шығармашылық ұжымдарының дайындаған концерттік бағдарламасы нағыз майдангерлерді еске алу салтанатына айналды. Зал талантты әртістер терең сезіммен және шын жүректен орындаған соғыс жылдарындағы әндердің әуендеріне толы болды. Соғыстың қасіретті жылдары өз Отанын бірге қорғаған әр ұлт өкілдерінің бірлігін бейнелейтін орыс және қазақ тілдеріндегі композициялар көпшіліктің назарын ерекше аударды.

Әрбір ән ата-бабаларымыздың ерліктері үшін мақтаныш сезімін туғызып, жеңіске деген шексіз сенімді паш етіп, келушілердің жүректерін тебірентті.

Бұл концерт біздің балаларымыз бен немерелеріміз бейбіт өміріміздің қадірін, бабалар ерлігін ұмытпау керектігін біліп, тарихты мұқият  есте сақтау керек екендігінің маңызын еске салды.

«Арқа ажарының» өз ақпараты.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар