Көкшетауда жұмысшы мамандықтар жылы аясында форум өтті

Облыстық жастар-ресурстық орталығының ұйымдастыруымен «Құрылыс-технологиялық колледжі» МКҚК қабырғасында «Жұмысшы мамандықтар» жылы аясында форум өткізілді.

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен биылғы жыл «Жұмысшы мамандықтар» жылы болып жарияланғаны барлығымызға мәлім.

Ел Президентінің халқына арнаған Жолдауында 2025 жылды жұмысшы мамандықтар жылы деп жариялау – еңбек адамының мәртебесін арттыруға бағытталған зор қадам деп атап өтті.

Осыған орай, аталмыш жыл шеңберінде колледж студенттері және жұмысшы мамандықтағы жастардың қатысуымен кездесу өтті.

Аталған шараға, Ақмола облысы жастар-ресурстық орталығының басшысы – Дастан Амангелдіұлы Ермеков, «НОВОПЭК» ЖШС «HR» даму бөлімінің бастығы – Мөлдір Арманқызы Кайрушева, Автоматты қақпаларды, шлагбаумдарды, роликті, қоршауларды орнату, сэндвич панельдерін өндіру «Vorota Luxe» ЖК негізін қалаушысы – Ержан Ермекұлы Байгенжин, «ENKI» ЖШС цех механигі – Алмаз Айтбайұлы Бисин, ТжКБ ұжымы, студенттері, БАҚ өкілдері және ұйымдастырушылар тарапы қатысты.

Әр спикер өзінің өмір жолымен кәсіпорны жайлы баяндап, жастармен бөлісті.

«Мен, «ENKI» зауытында 2012 жылдан бастап жұмыс істеп келе жатырмын. Алғаш мансаптық өсу жолым осы зауытта студенттік кезімнен бастаған едім. Қазіргі кезде де студенттер арнайы шарт бойынша жұмыс жасайды. Атап айтсақ, жоғары техникалық колледжі, Ш. Уәлиханов атындағы университетімен тығыз байланыстамыз. Зауытта 90%-ы дерлік жастар қызмет етуде. Оларға барлық жағдай жасалуда» — дейді «ENKI» ЖШС цех механигі Алмаз Айтбайұлы.

Шара барысында аудиториямен жұмыс, кері байланыс, қарсы сұрақтар, қызықтыратын тақырыптар бойынша диалог алаңы өткізілді. Сондай-ақ, қала кәсіпорындарында өндірілетін өнімдердің шағын көрмесі ұйымдастырылды.

Кездесу соңында студенттер спикерлермен жеке сұхбаттасып, толығырақ ақпаратпен бөлісті.

Ізгі құрметпен, Ақмола облысы Ішкі саясат басқармасы
Ақмола облысы жастар-ресурстық орталығының баспасөз қызметі
(Балабеков Жеңіс байл.тел.50-72-69

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар