Фестивальға  Ақмола облысының төрт колледжі қатысуда

Ақмола облысы әкімінің орынбасары Досұлан Айтбаев, облыстық мәслихат төрағасы Бейбіт Жүсіпов, облыстық білім басқармасының басшысы Айнагүл Балташева, облыстық кәсіпкерлер палатасының директоры Ерқанат Мұсылманбек, облыстық мәслихат депутаттары және тағы басқа да делегация мүшелері «Жұмысшы мамандықтарының қаласы» фестиваліне қатысып, алаңдардың жұмысымен танысты.

Іс-шара жұмысшы мамандықтарының маңыздылығын айқындауға, олардың беделін арттыруға және жастарды сұранысқа ие мамандықтарды игеруге ынталандыруға бағытталған.

Фестиваль техникалық және кәсіптік білім беру жүйесінің бизнеспен үйлесімді жұмысының айқын үлгісі болды. Мұнда нарықтың өзекті талаптарына жауап беретін ең жаңа технологияларды, заманауи жабдықтарды және бейімделген білім беру бағдарламаларын таныстыратын жетекші кәсіпорындар мен білім беру ұйымдары ұсынылғаны маған қатты әсер етті. Қонақтар отандық колледждер ұсынған жаңа және сұранысқа ие мамандықтармен танысып, әлеуетті жұмыс берушілерімен тілдесе алады,  деп атап өтті Досұлан Айтбаев.

Фестивальда Ақмола облысының төрт колледжі өздерінің білім беру мекемелерін және мамандар даярлау саласындағы жетістіктерін ұсынды.

Соның ішінде Көкшетау жоғары техникалық колледжі механизаторлар  мен автомобиль жолдарын салушылар үйін таныстырады, бұл машина жасау, құрылыс және көлік инфрақұрылымы салаларымен танысуға мүмкіндік береді.

Көкшетау азаматтық қорғаныс көпсалалы жоғары колледжі өрт сөндірушілер мен құтқарушылар бұрышын ұйымдастырады, мұнда қонақтар төтенше жағдайлар қызметкерлерінің жұмысымен таныса алады.

Щучинск қаласының орман шаруашылығы, экология және туризм жоғары колледжі орманшылар үйін дайындап, табиғатты қорғау, орман шаруашылығы және экотуризм мамандықтары туралы ақпарат береді.

Степногорск қаласының тау-кен техникалық колледжі байытушылар үйін ұсынады, онда кен өндіру, пайдалы қазбаларды игеру және өңдеу салалары бойынша мамандықтармен танысуға болады.

Көрме орталығының аумағында сегіз тақырыптық көше мен 40 шығармашылық үй ұсынылған. Фестиваль аясында қонақтар жұмысшы мамандықтарының негізгі бағыттарын таныстыратын тақырыптық аймақтарды аралап, заманауи мамандықтармен танысып, тәжірибелі мамандар мен сарапшылардан шеберлік сабақтарын тыңдай алады. Ұйымдастырушылардың айтуынша, алғашқы екі күнде бұл көрмеге 15000-нан астам адам келген.

Ақмола облысы әкімінің баспасөз қызметі.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар