Ақмола облысы ішкі саясат басқармасының ұйымдастыруымен 2025 жылғы 27 ақпан күні облыстық «Қоғамдық келісім» үйінде «QAZAQ LINGVO» атты жастар арасындағы облыстық байқауы өтті.

Үшінші кезеңде қатысушылар еркін форматта Ана тіліне деген сүйіспеншіліктерін білдірді.
Байқау үміткерлеріне Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, ақын, жазушы Жетпісқалиев Серік Сапарұлы төрағалық етіп, Ақмола облысы білім басқармасының бас маманы Шақшақова Айгүл Сайлаубекқызы мен Ақмола облыстық жастар-ресурстық орталығының басшысы Ермеков Дастан Амангелдіұлы әділ бағаларын берді.
Бұдан басқа, арнайы сый-сияпат, үш ынталандыру сыйлықтарының иегерлері болып Шоқан Уәлиханов атындағы Көкшетау университетінің студенті Тілеубай Мерей, Азаматтық қорғаныс жоғары көпсалалы колледжінің студенті Әуелбекұлы Бейбітжан және Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау Университеті жанындағы көпсалалы колледжінің студенті Қасенбай Жанел Жақсылыққызы атанды.
«Бүгінгі байқау үлгі-өнеге беретін, тәрбиелік мәні зор шара болды. Қазіргі жастарымыздың өз Ана тіліне деген ерекше ықыласы мен сүйіспеншілігі көңіліме қуаныш ұялатып, керемет әсер қалдырды. Осындай шараны ұйымдастырған Ақмола облысының ішкі саясат басқармасына көп рақмет айтамын. Мемлекеттік тіліміздің мәртебесі артып, тұғыры биіктей берсін! Ана тіліміз жасасын!» – деп Шоқан Уәлиханов атындағы Көкшетау Университеті жанындағы көпсалалы колледжінің бөлім меңгерушісі Айнагүл Елемесқызы өз пікірін білдірді.