Жағажай мен жер учаскелерін заңсыз бөлген

Прокурор назары

Ақмола облысының мамандандырылған табиғат қорғау прокуратурасы шаруашылық жүргізуші субъектісіне Қосшы қаласының қалалық жағажайын орналастыру және оған қызмет көрсету үшін кадастрлық құны 47,6 миллион теңге болатын 1,9844 гектар жерді заңсыз беру фактісін анықтады.

02.06.2024 жылы Қосшы қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы және тұрғын үй инспекциясы бөлімінің басшысы келісім-шарт негізінде Сарқырама өзенінің бойында орналасқан жағажай түріндегі мүлікті 5 жыл мерзімге сенімгерлік басқаруға берген.

Бұл ретте, аталған бөлімде осы жер учаскесін пайдалану және оған билік ету құқығы болған жоқ. Осылайша бөлім басшысы шартты негізсіз жасаған болып шықты.

Биыл жыл басында қадағалау актісі бойынша заңсыз жасалған шарттың күші жойылып, Қосшы қаласы әкімінің 29.01.2025 жылғы өкімімен мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы заңнама талаптарын бұзғаны үшін бөлім басшысына тәртіптік жаза қолданылды.

Сонымен қатар, Сарқырама мен Тайманұлы көшелерінің бойында орналасқан 5 жер учаскесінде көпірлер мен қоршаулар орнату арқылы мемлекеттiк жер учаскелерiн заңсыз иеленіп алу фактілері анықталды.

Қазіргі уақытта өкілетті органдар жер учаскелерін қайтару бойынша да тиісті жұмыстар жүргізуде.

 Ақмола облысының прокуратурасы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар