Көкшетаудағы көшпелі отырыс

Көкшетауда Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау вице-министрі Ержан Нұрлыбаевтың және Ақмола облысы әкімінің орынбасары Алтынай Әміренованың төрағалығымен аналарды босандыру қызметін жетілдіру мәселелері бойынша үйлестіру Кеңесінің республикалық көшпелі отырысы өтті.

Ақмола облысының денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Елена Иванова облыстағы аналарды босандыру қызметін ұйымдастыру туралы баяндады. Ол 2024 жылы облыстағы перзентханаларға 90 құрал-жабдық сатып алынғанын атап өтті. Сол жылдың тамыз айында «Бір күндік клиника» жобасы іске қосылды, онда жүкті әйелдер бір күн ішінде «бір терезе» қағидасы бойынша перинатальдық диагностиканың барлық түрінен өтіп, тез әрі нақты тест нәтижелерін ала алады. Өткен мерзімде 1867 жүкті әйел акушер-гинекологтардың қарауынан өтті.

Акушерлік көмекке кешенді көзқарасты қамтамасыз ету үшін 2025-2026 жылдарға арналған ана өлімін  азайту жоспарының жобасы әзірленді. Ол тек мамандармен қамтуды және жаңа құрал-жабдықтарды сатып алуды ғана емес, сонымен қатар, акушерлік қызметте кәсіби біліктілікті үздіксіз арттыруды көздейді.

Ержан Нұрлыбаев әйелдер денсаулығы – ұлт саулығы, сондықтан, адами ресурстардан бастап техникалық ресурстарға дейін әйелдер денсаулығын сақтау мен жақсарту мәселелерін шешуге, сондай-ақ, профилактикалық шараларға бағытталуы керектігін атап өтті.

Кеңес жұмысына қатысқан мамандар медициналық ұйымдарда жүкті әйелдерге көрсетілетін медициналық көмектің сапасына қатысты сұрақтар қойды. Инфекциялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жағдайы, сондай-ақ, ана өлімін азайтудағы республикалық орталықтың рөлі талқыланды. Бүгінде 7300 ақмолалық әйел сәби күтуде.

Денсаулық сақтау вице-министрі Көкшетауға сапары барысында перинаталдық орталықта болып, «Бір күндік клиника» консультативтік-диагностикалық, реанимация және жаңа туған нәрестелер патологиясы бөлімшелерінің қызметімен танысты. Басты назар тәуекелдерді азайтуға және халықтың медициналық көмекті уақытылы және сапалы алуына мүмкіндік беретін осы мониторинг жүйесін жетілдіру қажеттілігіне аударылды.

Ақмола облысы әкімінің баспасөз қызметі.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар