Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжановтың Ораза айты мерекесімен құттықтауы

Құрметті ақмолалықтар!

Рамазан – құлшылық пен сабыр, береке мен бірлік, мейірім мен қайырымдылық айы болса, Ораза айт – адамдардың көңіліне көктем сыйлап, жанын жадырататын ұлық мейрам, күллі мұсылман қауымы үшін маңызды әрі рухани мәні терең күндердің бірі. Ол бірлік пен достықты, мейірімділік пен өзара түсіністікті нығайтуға, рухани тазалыққа бой ұсынуға мүмкіндік береді. Осы күні өзара қамқорлық пен қолдау көрсету, жүректерімізді таза, ниеттерімізді шынайы ету маңызды. Айт мейрамы – халқымыздың рухани байлығын, ізгілік пен қайырымдылықты дәріптейтін ерекше оқиға.

Барша ақмолалықтарды бүкіл мұсылман қауымы үшін қасиетті саналатын Ораза айт мейрамымен шын жүректен құттықтай отырып, әрбір шаңыраққа бақыт, береке, амандық тілеймін! Айт мейрамы молшылық пен құт-береке алып келсін!

11 Total Views , 1 Views Today

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар