Мемлекетке қайтарылған қаржының есебінен салынуда

Әкім – іс үстінде

Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжанов Зеренді ауданында жаңадан салынып жатқан балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі құрылысының барысын тексеріп, бұл маңызды нысанды биылғы жылдың 1 тамызына дейін аяқтауды тапсырды.

Аудан орталығы Зеренді ауылында жаңа спорт мектебінің құрылысы қарқынды жүріп жатыр. 75 күн ішінде ғимараттың екі қабаты көтерілді. Қазіргі таңда құрылыс алаңында 68 жұмысшы мен 12 арнайы техника іске жұмылдырылған. Қабырғаларды тұрғызу, жылыту жүйесін орнату және өртке қарсы су қоймалары тетіктерін жасау жұмыстары жалғаса түсуде. Барлық жұмыс белгіленген кестеге сәйкес атқарылуда.

Аумағы 6 мың шаршы метрден асатын жаңа ғимарат екі блоктан тұрады. Мұнда күрес, бокс залдары, оған қоса тағы екі жаттығу залы және өзге де спорттық алаңдар қарастырылған. Бас мердігер «УК Строй» ЖШС-інің мәліметінше, қазіргі уақытта ғимараттың іргетасына қатысты жұмыстар толық аяқталған. Қабырғалары көтеріліп, төбе плиталары төселіп жатыр. Сондай-ақ, инженерлік желілер тартылуда.

Осы орайда, айта кетсек, бұл спорт мектебінің құрылысы Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша мемлекетке қайтарылған қаражат есебінен жүзеге асырылып жатқан елдегі алғашқы жобалардың бірі болып табылады.

Ақмола облысы әкімінің баспасөз қызметі.

4 Total Views , 1 Views Today

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар