Ақмола облысында Жеңіс күніне орай Ұлы Отан соғысының ардагерлері мен оларға теңестірілген санаттағы азаматтарға біржолғы төлем беріледі

Алдымыздағы 9 мамырда  Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдығы аталып өтеді. Осы айтулы күнге орай, Ақмола облысында ардагерлер мен оларға теңестірілген азаматтарға біржолғы әлеуметтік төлем жасау көзделген.

Бүгінгі таңда өңірде Ұлы Отан соғысының 3 ардагері бар. Олар Қосшы қаласы, Бұланды және Бурабай аудандарында тұрады. Олардың әрқайсысына 5 миллион теңге көлемінде біржолғы төлем 20 сәуірге дейін төленетін болады.

Сондай-ақ, соғыс ардагерлеріне теңестірілген азаматтарға да төлемдер қарастырылған. Оларға 25-тен 30 айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде қаржылай көмек көрсетіледі. Бұл санатқа жататындар: Ленинград блокадасының тұрғындары;   концлагерьде болған кәмелетке толмағандар; Чернобыль апатын жоюға қатысқан ардагерлер мен мүгедектер.

Сонымен қатар, өзге мемлекеттердің аумағындағы соғысқа қатысқан ардагерлер – Тәжік-Ауған шекарасында әскери борышын өтегендер, Ирактағы бітімгершілік миссиясына қатысқандар және Таулы Қарабақтағы қақтығыстарды реттеуге атсалысқандар (Ауған соғысы ардагерлерінен басқа) – 25 АЕК көлемінде (98 300 теңге) төлем алады.

13-тен 20 АЕК-ке дейінгі (51 116 теңгеден 78 640 теңгеге дейін) төлемдер төмендегі санаттағы азаматтарға қарастырылған: тыл ардагерлері; ҰОС жылдары қаза тапқан жауынгерлердің жұбайлары; қаза тапқан әскери қызметшілердің отбасылары; ҰОС мүгедектерінің жұбайлары; бейбіт уақытта қаза тапқан әскери қызметшілердің отбасылары; Чернобыль апатын жою кезінде көз жұмғандардың жанұялары; ҰОС кезінде жарақат, контузия немесе зақым алу салдарынан мүгедек деп танылған адамдарға теңестірілген тұлғалар.

4 Total Views , 1 Views Today

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар