«Арлан» – еліміздің үш дүркін чемпионы!

Әкім  – іс үстінде

Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжанов хоккейден республика чемпионы атанған «Арлан» клубын құттықтады.

Көкшетаудағы «Бурабай» спорт сарайында шайбалы хоккейден ерлер арасындағы Қазақстан Республикасының «Pro Hokei Ligasy» тұрақты чемпионатында жеңіске жеткен «Арлан» хоккей клубына арналған салтанатты рәсім өтті.

Жерлестеріміз осымен қатарынан үшінші рет еліміздің чемпионы атанды. Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжанов спортшыларды, жаттықтырушылар құрамын және клуб басшылығын осы жеңістерімен құттықтады.

– Арлан» командасы спортта тұрақтылықты, мықтылықты және кәсіби шеберліктің жоғары деңгейін көрсетіп келеді. Бұл – жүйелі әрі мақсатты жұмыстың жемісі. Сіздер өңір мақтанышысыздар, – деді бұл ретте, аймақ басшысы.

Өз кезегінде клубтың басшысы Андрей Мауль облыс басшылығына және жанкүйерлерге көрсетілген тұрақты қолдаулары үшін алғысын білдірді. Сондай-ақ, спорт ардагері Николай Горбунов, команданың капитаны Федор Хорошев және бас бапкер Владимир Маркелов та жылы лебіздерін жеткізді.

«Арқа ажарының» өз ақпараты.

4 Total Views , 1 Views Today

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар