Құрметті ақмолалықтар!
Сіздерді 1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күнімен құттықтаймын!
Бұл мереке біздің көпұлтты елімізде тұратын әрбір адамға жақын әрі қымбат.
Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқы Ассамблеясының ХХХІV сессиясында сөйлеген сөзінде: «Бірлік пен ынтымақ, диалог, өзара сенім мен құрмет, азаматтық жауапкершілік – осынау мызғымас қағидаттардың барлығы еліміздің ілгері дамуының негізін құрайды. Осы қағидаттарға сүйене отырып, біз өзіміздің тәуелсіздігімізді сақтап, одан әрі ілгерілете және одан әрі қарай жалғастыра аламыз» деген болатын.
Бұл сөздер Қазақстанның кең ауқымды мәдениеті мен дәстүрлерін баға жетпес байлығымызға айналдырған мемлекетіміздің іргелі қағидаларын жақсы көрсетеді. Ынтымақ, бірлік, отансүйгіштік ұлттық кодтың өзегіне айналды.
Биыл бірегей қоғамдық институт – Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдығын тойлап жатқанымыздың символдық мәні бар. Ассамблея жұмыс істеген жылдар ішінде қоғамдағы тұрақтылық пен келісімді нығайтуға, бірлік пен теңдіктің, татулық пен келісімнің шынайы символына айналуға өлшеусіз үлес қосты.
Республикамыз бен облысымыздың әлеуметтік-экономикалық дамуындағы барлық негізгі жетістіктер бүкіл этнос өкілдерінің бірлігінің, достығы мен қажырлы еңбегінің арқасында мүмкін болғанын атап өтпеске болмайды. Біздің әл-ауқатымыздың іргетасына айналған бұл іргелі құндылықтар бүкіл әлем жаһандық қақтығыстар мен ауыр катаклизмдерді бастан кешіріп жатқан бүгінгі күні ерекше маңызды.
Болашақта бірлігімізді нығайтып, бір-бірімізге қолдау көрсетіп, барлық қиындықтарды абыроймен жеңіп, жаңа табыстарға қол жеткізетінімізге сенімдімін.
Құрметті жерлестер!
Осы мереке күні біздің әрқайсымыз достығымыз бен келісіміміздің, бірлігіміз бен бір-бірімізге деген құрметіміздің бізге қаншалықты қымбат екенін ерекше сезінеміз. Баршаңызға бейбітшілік пен келісім, зор денсаулық, амандық және өзара түсіністік тілеймін! Сүйікті Отанымыз – Қазақстан Республикасы көркейіп, гүлдене берсін!
***
Құрметті Ақмола облысының тұрғындары!
Өңірдің депутаттық корпусының атынан сіздерді 1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күнімен шын жүректен құттықтаймын!
Бұл айтулы мереке біздің жалпыұлттық ынтымақтастығымызды, еліміздің әр түрлі этностары арасындағы өзара терең сыйластықты білдіреді. Халықтың бірлігі, мәдениеттер сабақтастығы, бір-біріміздің дәстүрлеріміз бен тарихымызды құрметтеу өңіріміз бен бүкіл еліміздің тұрақтылығы мен дамуының негізі болып табылады.
Біздің көпұлтты Қазақстанымызда 130-дан астам этнос тұрады. Тілдер мен мәдениеттердің айырмашылығына қарамастан, біз бейбітшілік пен келісімде өмір сүріп, ортақ болашаққа бірге қадам басып келеміз. Бұл қағидаттар биыл өзінің 30 жылдығын атап өтіп жатқан Қазақстан халқы Ассамблеясының қызметінде айқын көрініс тапты.
Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың қолдауы, тиімді мемлекеттік саясат пен әр азаматтың күш-жігері арқасында біз өзара түсіністік, бейбітшілік пен тату көршілік идеясын дамыту жолында жұмыс істеп жатырмыз.
Мемлекет басшысы Қазақстан халқы Ассамблеясының XXXIV сессиясында сөйлеген сөзінде: «Ұлтаралық келісім мен тұрақтылықты нығайту – мемлекеттік саясаттың басты бағыттарының бірі және солай болып қала береді. Қазақстанда келісім, төзімділік, достық ұғымдары құр ұран емес, азаматтардың күнделікті өмір салтына айналған құндылық», – деп атап өтті. Шынында да, тек бірлік қана бізге алға жылжып, болашақ ұрпақ үшін ауқымды бастамаларды жүзеге асыруға мүмкіндік береді.
Осы мереке күні, қымбатты ақмолалықтар, сіздерге зор денсаулық, бақыт, отбасылық жайлылық және барлық бастамаларыңызға сәттілік тілеймін! Әр үйде бейбітшілік, мейірімділік пен келісім орнасын, ал, біздің облыс үйлесімді өмір сүру мен бірліктің үлгісі болсын!
Бейбіт ЖҮСІПОВ,
Ақмола облыстық мәслихатының төрағасы.
![]()

