Облыс прокуратурасы азаматтардың еңбек құқықтарын қорғау саласындағы заңдылықтың жай-күйіне тұрақты негізде талдау жүргізіп келеді.
Сонымен қатар, Мемлекет басшысы 2025 жылды «Жұмысшы мамандықтары жылы» деп жариялағаны да белгілі. Осы жұмыс аясында Ерейментау ауданының прокуратурасы 9 мектепте 298 мұғалімге 80 миллион теңге сомасында жалақы бойынша берешек бар екенін анықтады.
Қадағалау актісі бойынша қазіргі уақытта аталған берешек толық көлемде өтелді. Осылайша айлықтарын уақытында ала алмаған барлық мұғалімдердің конституциялық құқықтары қорғалды. Бұл бағыттағы жұмыс әліжалғасуда.
Ақмола облысының прокуратурасы.