Халықаралық отбасы күніне орай, Ақмола облысы жастар-ресурстық орталығының ұйымдастыруымен «Отбасы ағашы» акциясы, «Менің жанұям» атты байқауы және кешкілік 90-шы жылдардағы стильдегі OPEN AIR концерттік бағдарламасы өтті.
Аталмыш күннің алғашқы жартысында Ақмола облысы ішкі саясат басқармасы басшысының орынбасары Сабырхан Кенжебаев, облыстық қоғам белсенділері, байқау қатысушылары, жастар ресурстық орталықтардың қызметкерлері және қала жастарының қатысуымен «Отбасы ағашы» акциясы ұйымдастырылды. Акцияға шамамен 200-ге жуық адам қатысып, 100-ден астам ағаш көшеттері отырғызылды.
Сонымен қатар, «Сенімен болашақ» РҚБ психологы Сәуле Исаева «Менің жанұям» атты облыстық байқауының қатысушыларымен тренинг өткізді.
Күннің екінші жартысында байқаудың басты кезеңі квест-ойыны өткізілді. Байқауға белсенді 7 отбасы қатысты.
Іс-шараның мақсаты – қоғамның маңызды базалық институты ретінде әлеуметтік оң әлеуеті бар отбасының беделін арттыру, рухани-адамгершілік отбасылық құндылықтарды қалыптастыру, қазіргі заманғы отбасының позитивті бейнесін жасау, жастар арасында отбасылық құндылықтарды насихаттау, жастардың әлеуметтік белсенділігін дамыту болып табылады.
Байқауға өңіріміздегі аудан мен қалалардан 7 отбасы қатысты. «Әкем, анам және мен» деген командадан құралған әр қатысушы белсенділік танытты. Ойын нәтижесі бойынша 3-орынды Ерейментау ауданынан қатысқан Киянский жанұясы иеленсе, 2-орын Көкшетау қаласынан Аубакировтар отбасына бұйырды. 1-орын, жеңімпаз атағына Шортанды ауданынан Абуталив отбасысы ие болды.
Сондай-ақ, аталмыш күн аясында 90-шы жылдардағы стильдегі кешкілік «OPEN AIR» концерттік бағдарламасы өткізілді. Бағдарлама барысында қала тұрғындарымен қызықты ойындар, конкурстар ұйымдастырылып, жеңімпаздарға естелік сыйлықтар табысталды.
Ізгі құрметпен,
Ақмола облысы Ішкі саясат басқармасы Ақмола облысы
жастар-ресурстық орталығының баспасөз қызметі
(Балабеков Жеңіс байл.тел.50-72-69)
![]()

