Екі жаңа тұрғын үй  қоныстанушылар игілігіне беріледі

Әкім – іс үстінде

Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжанов облыс орталығында Вернадский мен Әшімов көшелерінің қиылысында орналасқан 45 пәтерлі екі жаңа тұрғын үйлердің құрылысының аяқталу барысымен танысты.

Бұл үйлер қала тұрғындары үшін ерекше сәулет үлгісінде салынған және қолайлы жоспарымен, заманауи жобалық шешімдерімен ерекшеленеді.

Қазіргі таңда үйлердің құрылысы толық аяқталып, абаттандыру жұмыстары жүргізілуде. Жақын күндері жаңа пәтер кілттері иелеріне табысталмақ.

«Integra» құрылыс компаниясының өкілі Дәурен Тілеубердиновтің айтуынша, бүгінде аумақты абаттандыру жұмыстары жүріп жатыр. Апта соңына дейін асфальт төсеу жоспарланған. Аулада спорт және балалар алаңдары қарастырылған.

Айта кету керек, бұл көпқабатты тұрғын үй кешені төрт үйден тұрады. Екі тұрғын үйдің де тұрғындары облыс әкіміне алғыстарын білдірді.

– Жаңа ойын алаңында күні бойы балалар ойнап жүреді. Аула көркейіп, жайлы әрі тартымды бола түсті, – деді шағын аудан тұрғыны Сәкен Тоқанов.

Ақмола облысы әкімінің баспасөз қызметі.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар