Рәміздер тарихы мен маңызына бойлады

Игі шара

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздер күні қарсаңында Көкшетау қаласының №1 құрылыс техникалық колледжінде ақпараттық-танымдық семинар өтті.

Ол Мәдениет және ақпарат министрлігі мен Геральдикалық зерттеулер орталығы мамандарының қатысуымен ұйымдастырылды. Іс-шараға облыстық білім басқармасының өкілдері, колледж оқытушылары мен студенттері, сондай-ақ, мектеп ұстаздары қатысты.

Дәрістің негізгі мақсаты жас ұрпақтың бойында патриоттық сезімді, отаншылдық рухты қалыптастырып, ұлттық нышандардың тарихы жайлы тың ақпараттар беру болып табылады.

Семинарда  Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Геральдикалық жұмыс басқармасының  бас сарапшысы Абай Айдарбек пен Геральдикалық зерттеулер орталығының бөлім басшысы Асылжан Бижанов мемлекеттік рәміздердің тарихы, қолданылу тәртібі мен жауапкершілігі жайлы дәріс оқыды.

Дәріс соңында студенттер мен оқытушылар мамандарға сұрақтарын қойып, пікір алмасты.

Айта кетейік, аталмыш іс-шара «Менің Қазақстаным» патриоттық акциясы аясында еліміздің жоғары оқу орындары мен мектептері, әскери бөлімшелер мен спорт федерацияларында жалғасын тауып келеді.

«Арқа ажарының» өз ақпараты.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар