«AMANAT» партиясының республикалық қоғамдық қабылдау бөлмесі Бұланды ауданында көшпелі қабылдау өткізді

Парияның республикалық қоғамдық қабылдау бөлмесінің өкілдері, облыстық партия филиалы атқарушы хатшысының орынбасары А.Әлімбетова, облыстық полиция басқармасы басшының орынбасары Данияр Беков, Бұланды ауданы әкімінің орынбасары С.Жүсіпов, аудандық мәслихат төрағасы Н.Сексенов, облыстық мәслихат депутаты К.Меңдібаева облыстық әділет, құрылыс, білім, денсаулық, автомобиль жолдары басқармаларының өкілдері ауыл тұрғындарының мәселелерін тыңдап, кеңес беріп, алдағы жұмыс үшін жазып алды.

Қараөзек ауылының тұрғындары ауылға кіре беріс жолды жөндеу, балабақша салу, балалар ойын алаңын жасау сынды өзекті сұрақтарын жолдап, полиция өкіліне ауыр жүк көліктерінің жүруіне тыйым салуды сұрады.

Республикалық көшпелі қоғамдық қабылдау одан әрі Макинск қаласында жалғасты. Макинск халқы жер үйлерге орталықтандырылған жылу жүйесін тарту, саябақты абаттандыру мәселесін көтерсе, Вознесенка ауылынан арнайы келген тұрғындар «Вознесенка-Шұбарағаш» жолына күрделі жөндеуді сұрап, ауылға дәрігерлік амбулатория қажет екендігін жеткізді.

Ал Партизанское ауылынан келген азаматтар мәдениет үйінің тозып тұрғанын алға тартып, жөндеу жұмыстарын жасауды сұрады.
Барлық сұрақтар алдағы жұмыс үшін қабылданып, партия бақылауына алынды.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар