
Әрине, қуанамыз! Құтты болсын дейміз!
Әкімнің еңбегінің жанғаны елдің еңбегінің жанғаны.
Және де облыс тарихында мұндай алдыңғы үштікке бұрын –соңды ешкімнің де ілекпендігін ескерсек, Ақмола облысы табысының айтарлықтай болғаны ғой!
* * *
TOPPRESS. KZ. Ақпараттық сайтында жарияланғанындай, Ақмола облысы әлеуметтік-экономикалық жағынан жақсы табыстарға қол жеткізді.
Өнеркәсіп өндірісінің өсімі 2025 жылдың қаңтар-сәуір айларында 755998,1 миллион теңге болды. Бұл былтырғы жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 3 пайыз артқандығын көрсетеді.
Өңдеуші өнеркәсіп өнімі 4,5 пайыз артты. Негізгі капиталға тартылған инвестиция 2025 жылдың қаңтар-сәуір айларында 131297,1 миллион теңгеге жетті. Бұл 2024 жылдың қаңтар-сәуір айларындағыдан 112,8 пайыз артық!
Рейтинг шығарушылар атап көрсеткеніндей, Ақмола облысының әкімі Марат АХМТЕТЖАНОВ сәуір айының ортасында болған көктемгі су тасқынының жағдайын ұдайы өзінің бақылауында ұстады.
Осы сәуір айында облыста жұмыс сапарымен орталық билік органдарының басшылары болды.
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің кеңесшісі Ералы Тоқжанов, Төтенше жағдайлар жөніндегі Министрліктің Вице-министрі Рамиль Камалов болып, тасқын су аймақтарында жағдайды көрді.
Сондай-ақ, Қазақстан Республикасы өнеркәсіп және құрылыс Министрі Ерсайын Нағашыбаев облыста болып, өнеркәсіп пен құрылыс саласының дамуымен, жобалармен танысты.
Министр негізінен жылына 12 тонна алтын өндіретін, 1700-ден астам адам жұмыс істейтін «Altyntau Kokshetau» акционерлік қоғамында болып, кәсіпорынды одан әрі дамытудың мүмкіндігіне назар аударды.Сонымен бірге Министр машина жасау салаларының кәсіпорындары-«Камаз инжиниринг», «КАИК» және тағы да бірқатар кәсіпорындарда болды.
Қазақстандағы ең ірі аграрлық өңір Ақмола облысында көктемгі дала жұмыстары ойдағыдай аяқталды.
Қазір Қазақстан бойынша жүргізілетін Ұлттық ауыл шаруашылығы санағына жақсы дайындық бар. Ақмола облысында жұмыс топтары жасақталды, алдын-ала сұрау салу санақтың ойдағыдай өтетіндігіне күман келтірмейді.
Шет елдік инвестиция тартуға бағытталған шаралы жұмыстар жүріп жатыр.
Қытайдың Чжэцзян аймағының бизнес делагациясы облыста болды. Осы сапар барысында өнеркәсіп, электрондық коммерция және логистика жобалары қарастырылды.
Қытай жағы өңірдің инфрақұрылымының «Транскаспий» бағытындағы орта дәлізіне қызығушылық танытты.
Сондай-ақ, республикалық маңызы бар «Aqmola» индустриалдық аймағына өндіріс орнатудың тиімділігінің маңыздылығына тоқталды.
Балтық жағалауындағы Эстония делегациясы ақмолалық аграршылармен бірге жұмыс істеуге қызығып отыр. Бұл шетелдік делегацияның құрамында ірі логистика компанияларының, порттары мен темір жол басшылары да болды.
Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжановпен және өңірдің кәсіпкерлерімен кездесу кезінде олар эстондық порттар мен логисткалық компаниялар арқылы ауыл шаруашылығы өнімдерін Европаға шығаруды ұлғайтудың мүмкіндіктерін қарастырды.
Әлеуметтік сала нысандарын, сондай-ақ инфрақұрылым салу жұмыстары тұрақты дамып келеді.
Облыс орталығы-Көкшетау қаласында әлеуметтік және инфрақұрылымдық 20-ға жуық нысандар жобалары жүзеге асырылып жатыр, соның ішінде 588 орынды мектеп-интернат бар. Қопа көлінің жағалауы абаттандырылып жатыр.
Облыс әкімі Марат АХМЕТЖАНОВ қысқа уақыт аралығында Көкшетау қаласын таза ауыз сумен қамтамасыз етуді тапсырды. Осы жобаны жүзеге асыруға бюджеттен 800 миллион теңге қаржы қарастырылып отыр.
Жаңа су тазалағыш жүйесі іске қосылған соң, Шағалалы су қоймасы арқылы қаланы таза ауыз сумен толық қамтамасыз ету мүмкін болады.
Теміржол вокзалдарын кең көлемде жөндеу, қалпына келтіру жүзеге асырылып жатыр. Ірі қалалалар мен шағын елді мекендердегі вокзалдар қамтылып отыр. Жыл соңына дейін, Көкшетау, Шучье, Макинск, Атбасар, Ақкөл, Есіл, Ерейментау, Державин қалаларындағы, Жақсы, Жалтыр, Аршалы, Шортанды, Никольск, Еркіншілік, Сарыоба, Өлеңті ауылдарындағы вокзалдарды қалпына келтіру толық аяқталады.
Біраздан бері созылып келе жатқан Жылу электр станциясын (ТЭЦ) салу мәселесіне орай әкімдік «Самұрық-Энерго» акционерлік қоғамымен 2025 жылғы іс-қимыл жоспарын талқылады. Соған орай жоспарлау, құрылыс алаңын анықтау жүргізілді.
Аймақтың экономикалық өсімінің драйвері Туристік сала болып саналады.
Шучье-Бурабай курортты аймағын дамытудың 2025-2029 жылдарға арналған кешенді даму жоспары бойынша «Ақбура», Қатаркөл және Жөкей көлдерінің бойындағы жаңа нысандарды дамыту көзделген.
Инженерлік және көлік инфрақұрылымдарының 34 жобасына басымдық беріліп отыр. 140 километр сумен, жылумен жабдықтау, 116 километр электр желілері, 80 километр автокөлік жолдары қайра қалпына келтіріледі, жаңадан салынады.
Жыл бойы үздіксіз жұмыс істейтін іскерлік, мерзімдік және этникалық туризмға басымдық беріледі.
Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжанов мамыр айының соңында Қазақстан Республикасының туризм және спорт Министрі Ербол Мырзабосыновпен бірге Бурабай ауданындағы туристік нысындардың осы жазғы кезеңге әзірліктерімен танысты.
Әрине, облыста қолжеткізген табыс, жетістіктермен бірге жекелеген жағдайда орайы келмей жатқан мәселелер де бар. Қазір сол мәселелерге баса назар аударылып отыр.
Алға басушылықты, халықтың тұрмыс жағдайларында жақсылықққа қарай өзгеріс бар екендігін халық көріп, біліп отыр.
Ел еңбегі мен ер еңбегі жана берсін!