Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен Ұлттық қауіпсіздік комитетіне қосу арқылы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігін қайта құрылды.
«Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитетіне қосу арқылы Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) қайта ұйымдастырылсын. Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің ведомствосы – Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл қызметі (бұдан әрі – Қызмет) құрылсын.
Қайта ұйымдастырылған Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің) сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты қалыптастыру мен іске асыру, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы үйлестіру, сондай-ақ сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасауға ықпал ететін себептер мен жағдайларды барынша азайту, сондай-ақ сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру жөніндегі функциялары мен өкілеттіктері Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігіне берілсін.
Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті мен Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі берілетін функциялар мен өкілеттіктерге сәйкес Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің) құқықтары мен міндеттемелерінің құқықтық мирасқоры болып айқындалсын», – делінген Президент қаулысында.
akorda.kz
![]()

