Парламент Мәжілісінің депутаты, «АМАNАТ» партиясы депутаттық фракциясының мүшесі Наталья Дементьева Көкшетаудағы оңалту орталығының құрылысымен барысымен танысты. Облыс орталығында қарқынды дамып келе жатқан «Сарыарқа» ықшамауданында 150 орындық мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған оңалту орталығы салынуда.
Медициналық мекеме халықтың түрлі топтары үшін кең ауқымды қызмет көрсететін болады. Жаңа заманауи орталықта жылына 1500-1800 адам денсаулығын жақсартады деп күтілуде. Дегенмен, бүгінгі таңда жобаның жобалық бөлігіндегі өзгерістерге байланысты жобаға түзетулер енгізілуде. Бюджет тапшылығы бар. Оңалту орталығын 2027 жылға дейін пайдалануға беру жоспарлануда. Жобаның жалпы құны 7,4 млрд теңгені құрайды. 2024 жылға дейін 1,9 млрд теңге игерілс, 2025 жылы 2,1 млрд теңге қаражат бөлінген. Құрылыс жұмыстары басталғанмен, қазіргі уақытта тоқтап тұр.
«Көкшетау қаласы Ақмола облысының тұрғындары көп қоныс аударатын орталық және қала халқының көші-қон есебінен де, бала туу көрсеткішінің артуына байланысты да өсіп келе жатқаны қуантады. Ал бұл жердегі биліктің міндеті әсіресе ерекше қажеттіліктері бар азаматтардың жайлы өмір сүруі үшін барлық жағдайды жасау. Өздеріңіз білетіндей Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша 2025 жылға дейін еліміздің 12 облысында, соның ішінде Көкшетау қаласында жаңа ірі оңалту орталықтарын салу жоспарланған болатын. Алайда оңалту орталығының құрылыс жұмыстарының қарқыны көңіл көншітерлік емес», -деп атап өтті Наталья Дементьева.
«АМАNАТ» партиясының 2023-2027 жылдарға арналған сайлауалды бағдарламасының Жол картасын жүзеге асыру аясында облыста әлеуметтік және көлік инфрақұрылымы нысандарын ерекше мұқтаж жандарға бейімдеу бойынша ауқымды жұмыстар жүргізілуде. Мәселен, Ақмола облысында денсаулық сақтау, білім беру, мәдениет және спорт мекемелерін қосқанда 1037 нысанды бейімдеу жұмыстары аяқталды. «Кедергісіз келешек» партиялық жобасы аясында партиялықтар Көкшетау қаласындағы әлеуметтік маңызы бар нысандарды қосымша бейімдеу бойынша тұрақты мониторинг жүргізіп жатыр. Көкшетау қаласы бойынша жалпы нысан саны 1720 болса, оның 1026-сы (59,6%) бейімделген. «Кедергісіз келешек» партиялық жобасы аясында биыл 192 әлеуметтік нысанды бейімдеу жоспарлануда. Бүгінгі таңда 32 нысан іс жүзінде бейімделді.
Сондай-ақ мүмкіндігі шектеулі жандар үшін қоғамдық көлік тегін болса, биылғы жылдың басынан бері Көкшетауда 30 мыңнан астам зейнеткер қоғамдық көлікте тегін жүру мүмкіндігіне ие болғанын айта кеткен жөн. Бұл мүмкіндікке депутаттар мен облыс басшысының шешімі арқасында қол жеткізілді.
![]()

