6 мыңнан астам жас маман. Олар – колледж түлектері!

Ақмола облысы әкімінің орынбасары Досұлан Айтбаев салтанатты жағдайда колледждердің үздік түлектеріне қызыл дипломдар тапсырып, алдағы өмірлеріне  табыс пен кәсіби жетістіктер тіледі.

Көкшетау қаласындағы «Bolashaq» сарайында Жұмысшы мамандықтары жылы аясында техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының  түлектеріне салтанатты түрде диплом тапсыру рәсімі болып өтті.

2024–-025 оқу жылында Ақмола облысында 29 кәсіптік және техникалық колледж мамандар даярлаумен айналысуда. Бұл оқу орындарында шамамен 19 мың студент білім алып, әртүрлі мамандықтарды меңгеруде. Ағымдағы оқу жылы колледждер 6 мыңнан астам түлекке үлкен өмірге жолдама беріп отыр, олардың 550-і оқуын үздік бағамен аяқтап, қызыл дипломға ие болды.

Бұл іс-шара жоғары академиялық жетістіктерімен ерекшеленген 55 жас маман үшін де маңызды оқиғаға айналды. Олар үшін бұл күн  атқарған еңбектің жемісі мен болашақ кәсіби жолының жаңа кезеңінің бастауы іспеттес болды.

Іс-шараға сонымен қатар, «Атамекен» өңірлік кәсіпкерлер палатасының директоры Ерқанат Мұсылманбек және колледждердің әлеуметтік серіктестері қатысып,  үздік түлектерге қызыл дипломдармен бірге жұмысқа орналасуға жолдамалар да табыстады.

Сондай-ақ, Ақмола облысынан «Қазақстанның ТОП-100 үздік студенті» тізіміне енген колледж студенттері 100 000 теңге көлеміндегі ақшалай сертификаттармен марапатталды. Ал аймақтық іріктеу кезеңінде жеңімпаз атанған студенттерге 50 000 теңге мөлшерінде ақшалай сыйлықтар табыс етілді.

«Арқа ажарының» өз ақпараты.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар