Заң және тәртіп
Ақмола облысының табиғат қорғау прокуратурасы жосықсыз орман пайдаланушыларының заңсыздық әрекеттерінің алдын алды.
Арнайы жүргізілген тексеріс барысында орман заңнамасының сақталуына жүргізілген талдау нәтижелері бойынша ұзақ және қысқа мерзімді орман пайдалану шарттарының талаптарын бұзу фактілері анықталды.
Сөйтіп, заң бұзушылықтарды жою мақсатында мемлекеттік орман иеленушілердің мекенжайына прокурорлық қадағалау актілері енгізілді. Осы жұмыстардың нәтижелері бойынша жосықсыз орман пайдаланушылармен жасалған шарттар бұзылып, ауданы 100 гектардан асатын, кадастрлық құны 1,3 миллиард теңге болатын 4 жер учаскесі қайтарылды.
Облыстық прокуратураның мәліметі бойынша осы заң бұзушылыққа байланысты орман шаруашылығы мекемелерінің директорлары қатаң тәртіптік жауапкершілікке тартылды. Осыған байланысты, табиғат қорғау прокуратурасының шараларымен орман қорын ұтымды пайдалану және сақтау қамтамасыз етілді.
«Арқа ажарының» өз ақпараты.
![]()

