Заң және тәртіп
Қоғамдық тәртіпті нығайту және құқық бұзушылықтың алдын алу бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар өз жемісін беруде.
Жуырда Қосшы қаласы мен Тайтөбе ауылында шағын бизнес өкілдерінің белсенді азаматтық ұстанымы нәтижесінде бірқатар дүкендер мен сауда нүктелері өз еріктерімен алкогольдік өнімдерді сатудан бас тарту туралы шешім қабылдады.
Кәсіпкерлердің бұл бастамасын прокуратура мен жергілікті атқарушы органдар қызу қолдады. Алдын алу шаралары барысында қала прокуратурасы дүкен иелеріне ризашылықтарын білдіріп, мұндай шешімнің қоғамдық қауіпсіздік үшін зор маңызы бар екенін ерекше атап өтті.
Осындай қадамдар құқық бұзушылық деңгейін, әсіресе, мас күйінде қоғамдық орындарда жасалатын құқық бұзушылықтарды азайтуға көмектеседі, сондай-ақ, қоғамда саналы тұтыну мәдениетін қалыптастырады.
Қосшы қаласының прокуратурасы осы бастамаға атсалысқан кәсіпкерлерге алғысын білдіріп, басқа да бизнес өкілдерін осындай игі бастамалардан оң үлгі алып, құқықтық тәртіп пен ұлт денсаулығын қамтамасыз етуге үлес қосуға шақырады.
Ақмола облыстық соты мен прокуратурасының материалы бойынша.
![]()

