Ел ертеңі – қолдарында

Жастар күні

Ақмола облысы әкімінің орынбасары Досұлан Айтбаевтың қатысуымен және құттықтау сөз сөйлеуімен Көкшетауда Жастар күні мерекесі аталып өтті.

Мереке жүздеген қала тұрғындары мен қонақтарын біріктіріп, оларды мазмұнды бағдарламамен қуантты. Бояулар фестивалі, қатысушылар аэрозоль баллондарымен көше суреттерін салған «Өнер қабырғасы» арт-алаңы, жас мамандарға арналған бос жұмыс орындары жәрмеңкесі, IT-hub интерактивті аймақтары, талантты орындаушыларға арналған ашық микрофон, аула және зияткерлік ойындары, теннис, шахмат, тоғызқұмалақ, сондай-ақ стритбол, қол күресі және гір спорты, отбасылық эстафеталар мен командалық рухты нығайтатын жарыстар, Көкшетаудың үздік әртістері қатысқан кешкі Open Air  мерекенің музыкалық шарықтау шегі болды.

–  Бүгінгі жастар тәуелсіздіктің нақты жемісі, Жаңа Қазақстанның басты қозғаушы күші. Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев жастарды ел дамуының стратегиялық ресурсы ретінде айқындап келеді. Мемлекет басшысының бастамалары – сіздерге артылған зор сенім мен үлкен жауапкершілік. Биылғы жылдың «Жұмысшы мамандықтары жылы» деп жариялануы адал тер төгіп, табыс табатын, өз ісін шебер меңгерген жастарға құрмет көрсетумен қатар, еңбек адамының мәртебесін арттыру арқылы жаңа қоғам қалыптастырудың бастамасы. Қазіргі буын өңірдің болашағын бүгіннен ойлай алатын мықты да бастамашыл жастар, – деп атап өтті облыс әкімінің орынбасары .

Салтанатты бөлімде өңірдің жастар саясатын дамытуға елеулі үлес қосқаны, сондай-ақ, кәсіби жетістіктері мен белсенді өмірлік ұстанымы үшін облыс әкімінің Алғыс хаттарымен марапатталған жастар мен жұмысшы жастардың өкілдері марапатталды.

Ақмола облысындағы Жастар күні тек мерекелік шара ғана емес, әртүрлі мамандыққа, қызығушылық танытушылардың қатарын біріктірген, сонымен бірге, тәжірибе алмасуға, шабыттану және жаңа таныстықтарға жол ашқан нағыз шығармашылық алаңына айналды.

Ақмола облысы әкімінің баспасөз қызметі.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар