Арнайы техника алынды

Даму бағыты

2025 жылғы Инвестициялық бағдарлама аясында «Көкшетау Энерго» ЖШС екі арнайы автокөлік сатып алды. Бұл техникалар жөндеу бригадаларының, желілік және қосалқы станциялар қызметкерлерінің жұмысын айтарлықтай жеңілдетпек.

Серіктестіктің механизация және көлік қызметінің бастығы Игілік Альзамаровтың айтуынша, толық жетекпен жабдықталған, жебесінің ұзындығы 42 метрге дейін жететін, 25 тонна жүк көтергіш қуаты бар SANY автокраны ең күрделі жұмыстарды орындауға мүмкіндік береді. Көлік басқару датчиктерімен, жел бағытын, кернеуді, арақашықтықты, желідегі қауіптерді және жұмыстың тиімділігіне әсер ететін басқа да көрсеткіштерді көрсететін электронды мониторлармен жабдықталған. Кран машинисіне барынша қолайлы жағдай жасалған, алайда, «ақылды» техниканы басқару үшін одан қосымша білім мен дағды талап етіледі. Бұл дегеніміз – үнемі ізденіп, өзіңнің кәсіби  шеберлігіңді жетілдіріп отыру қажет. Жуырда Тайынша электр желілері Киров ЖШУ-інде бетон тіректерді түсіру және орнату жұмыстары жүргізіліп, жаңа автокран іс жүзінде сынақтан ойдағыдай өтті.

Ал, жаңа SHACMAN тартқышы жүктерді тасымалдауға арналған, жақын арада оған жаңа жартылай тіркеме сатып алынбақшы. Әзірге бұл арнайы көлік базадағы бұрынғы техникамен жұмыс істейтін болады.

Соңғы бір жыл ішінде «Көкшетау Энерго» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің бас директоры Досымхан Аралбаевтың қолдауымен кәсіпорынның автопаркі айтарлықтай жаңартылды. Атап айтқанда, арнайы көліктер – манипуляторлар, крандар, сондай-ақ, жүк және жолаушылар тасымалына арналған көліктер сатып алынды. Мұның бәрі жүргізушілердің еңбек жағдайын және жалпы кәсіпорын қызметтерінің жұмыс сапасын едәуір жақсартты.

«Арқа ажарының» өз ақпараты.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар