Әрбір ауылда осылай болса, талай чемпиондар шығар еді

Бозайғыр ауылында жаңа дене шынықтыру-сауықтыру кешені пайдалануға берілді.

Оның ашылуы Қазақстан Республикасы Конституциясының 30 жылдық мерейтойына орайластырылды. Салтанатты шараға Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжанов және бокстан Әлем және Азия чемпионы, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген спорт шебері Мерей Ақшалов қатысты.

–Бүгін біз тек спорттық нысанның емес, денсаулық пен күштің, жетістіктер әлемінің есігін ашып отырмыз. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауында бұқаралық спортсыз дені сау жастарды тәрбиелеу және ұлт саулығын нығайту мүмкін еместігін атап өткен болатын. Заманауи спорт кешенінің ашылуы осы маңызды міндеттің айқын дәлелі, – деді өңір басшысы.

Жергілікті  балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің қазақ күресі бойынша жаттықтырушысы, ұлттық санаттағы төреші Орал Айдын:

–Жаңа спорт кешені ауылдағы спорт орталығына ғана айналып қоймай, болашақ чемпиондарды даярлауға да жол ашады деген сенімдеміз, – деп өз қуанышын жасырмады.

Жалпы аумағы 2,3 мың шаршы метрді құрайтын жаңа нысан бір ауысымда 300 адамды қабылдай алады. Құрамында әмбебап спорт залы, күреске арналған арнайы залы бар кешен ауыл тұрғындары мен жастарына тұрақты түрде дене шынықтыру және спортпен айналысуларына мол мүмкіндік туғызары анық.

Ақмола облысы әкімдігінің баспасөз қызметі.

Шортанды ауданы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар