Бүкіл қоғамның жанды мәселесі

Жемқорлық – елдің соры

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері жыл сайын Мемлекет басшысының Қазақстан халқына Жолдауында көрініс табады. Биыл да Президентіміз өз Жолдауында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылға барлық бағыттар бойынша жаңа серпін беру қажеттігін атап өтті.

Бүгінгі таңда Қазақстан Республикасындағы сыбайлас жемқорлық мәселесі негізгі проблемалармен қатар, өткір тұр.

Сыбайлас жемқорлық үнемі мұқият зерделеуді, жүйелі көзқарасты, кешенді және жедел қарсылықты қажет ететін қазіргі қоғамның жағымсыз құбылысы. Еліміздегі сыбайлас жемқорлықтың деңгейі мен ауқымы экономикалық дамуды тежейді, инвестициялық ахуалға теріс әсер етеді және еліміздің беделін төмендетеді. Азаматтық қорғау органдары жүйесіндегі сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес – біздің басты мақсатымыз. Бұған қол жеткізу үшін біз барлық қажетті шараны қолданудамыз.

Мемлекет басшысының бастамасымен 2022-2026 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат тұжырымдамасы бекітілді. Осы маңызды құжат аясында Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты іске асыру жөніндегі іс-қимыл жоспарын, сондай-ақ, бүкіл жұмысындағы өзгерістерге негіз болған сыбайлас жемқорлыққа қарсы ведомстволық бағдарламаны әзірледі. Аталған құжат негізінде Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің Ақмола облысы бойынша ішкі мемлекеттік аудит департаменті қызметкерлері арасында жемқорлыққа жол бермеу және оның алдын алу бойынша ұдайы түсіндірме жұмыстары атқарылады.

Қазіргі біздің қоғамдағы өзекті тақырыптардың бірі – сыбайлас жемқорлықпен күрес. Сыбайлас жемқорлықты жүгендеуге қоғам болып ат салысуымыз қажет. Сыбайлас жемқорлықтың алдын алуда, қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруда әр түрлі шаралар ұйымдастырылып және жүзеге асырылып келе жатыр. Елімізде сыбайластық жемқорлыққа қарсы күрес, оның алдын алу шаралары әлеуметтік-экономикалық жағдаймен де тығыз байланысты.

Жемқорлық мемлекеттің, қоғамның дамуына тежеу болатын, болашағына кесел тигізетін індет. Сыбайлас жемқорлықпен күрес бүгінгі күннің күрделі мәселесі болып отыр. Онымен түбегейлі күресу үшін халықтың құқықтық сауатсыздығын жоятын құқықтық түсіндіру жұмысының сапасын арттырудың маңызы зор. «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» заң талабының аясында жемқорлыққа қарсы іс-әрекеттер біздің департаментте жүйелі жүзеге асырылып келеді. Әр сыбайлас жемқорлық әрекетінің жауапсыз қалмайтынын әрбір қызметкердің білуі біз үшін өте маңызды.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресте әрекетсіздік азаматтардың ертеңгі күнге сенімсіздігіне әкеліп соғады. Сосын да біздің департаментте жемқорлықтың алдын алу бойынша мақсатты жұмыстар ұдайы жүргізіліп келеді.

Шарап СӘДУАҚАСОВ,
Ақмола облысы бойынша ішкі мемлекеттік аудит департаменті
басшысының орынбасары – Әдеп жөніндегі уәкіл.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар