Әлеуметтік қорғау
Көкшетау қаласында №13 мектеп-гимназиясының базасында инклюзияны қолдау кабинеті ашылды.
Жаңа кабинет ерекше білім беруді қажет ететін 101 балаға қолдау көрсетеді. Балалар өз мектебінде жаңа дағдыларды меңгеріп, шығармашылықпен айналысып, бейімделген спорт түрлерімен айналыса алады. Олармен дефектологтар, психологтар, логопедтер және басқа да мамандар жұмыс істейтін болады.
Кабинет ерекше білім беруді қажет ететін балалардың қажеттіліктеріне сай арнайы техникамен және дамыту құралдарымен жабдықталған. Осы жаңа кабинеттің іске қосылуымен Ақмола облысындағы инклюзияны қолдау кабинеттерінің жалпы саны бесеуге жетті. Бүгінде бұл кабинеттерде 164 бала білім алып жатыр. Бұған дейін осындай кабинеттер Оразақ, Қызылжар, Қараменді батыр ауылдарында және Ы.Алтынсарин атындағы ауылда ашылған болатын.
Бұл жоба «Самұрық-Қазына» акционерлік қоғамының компаниялар тобы атынан «Samruk-Kazyna Trust» корпоративтік қорының бастамасымен және Ақмола облысы әкімдігінің қолдауымен жүзеге асырылуда.
Жаңа кабинеттің ашылу салтанатына «Самұрық-Қазына» АҚ басшылығы, облыс әкімдігінің қызметкерлері мен Ақмола облыстық және Көкшетау қалалық мәслихаттарының депутаттары қатысты.
«Арқа ажарының» өз ақпараты.
сурет avatars.mds.yandex.net сайтынан.
![]()

