Президент бастамаларын қолдау – басты таңдауымыз

Президенттің биылғы Жолдауы – «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын жүзеге асырудың жарқын мысалы. Онда қоғамды толғандырған ең өзекті сұрақтарға жауап беріліп, жаһандық бастамалардан бастап, күнделікті өмірге қатысты барлық мәселелер қамтылды. «AMANAT» партиясының басты міндеті Мемлекет басшысы реформаларының қозғаушы күші болу, саяси тұрақтылық пен қоғамдық келісімді қамтамасыз ету болып табылады. Президент бастамаларын қолдау – бұл біздің басты таңдауымыз. Біздің ұзақ мерзімді миссиямыз да, партияның центристік ұстанымы да осы мүддемен ұштасып жатыр деуге болады.

Мемлекет басшысы халыққа арнаған Жолдауында «Қарызсыз қоғам» жобасының тиімділігін атап өтті. Бұл жоба «AMANAT» партиясының қолдауымен жүзеге асырылуда. Жоба бүгінгі күнге дейін өзінің маңыздылығын дәлелдеді. Тек Ақмола облысының өзінде 10 мыңнан астам адам қаржылық сауаттылық бойынша оқудан өтті. «Қарызсыз қоғам» азаматтардың қаржылық сауаттылығын арттыруға, қарыздық жүктемеден арылуға және несиесіз жаңа өмір бастауға көмектеседі. Президент аталған бағдарламаның ауқымын кеңейтуді тапсырды. Демек, осылайша қазақстандықтардың көбірек бөлігі тиісті қолдауға ие болады.

Мемлекет басшысы атап өткен Жасанды интеллект пен жаңа технологиялар дамудың жаңа қозғаушы күшіне айналуда. Көптеген саланы цифрландыру бойынша кешенді іс-шараларды қолға алу жоспарланып отыр. Бұл жұмыстарды қазірдің өзінде атқарылып жатыр деуімізге болады. Партия бұл бағытта азаматтардың, әсіресе, зейнеткерлер мен жасөспірімдердің цифрлық сауатын арттыруға арналған «Цифрлық қоғам» жобасын жүзеге асыруда.

Мемлекет басшысы Жолдауда ауыл тұрғындарының әл-ауқатына да ерекше назар аударғанын атап өтті. Бұл мәселе аграрлық саланың дамуымен тікелей байланысты. «AMANAT» партиясы бірнеше жылдан бері «Жер аманаты», «Ауыл аманаты», «Агросауат» жобаларын жүзеге асырып келеді. Мәселен, биылғы жылы Ақмола облысы бойынша «Жер аманаты» комиссиясының жұмысы аясында 140 мың гектар жер мемлекет меншігіне қайтарылса, комиссия өз жұмысын бастаған үш жыл ішінде 700 мыңнан астам жер қайтарылды. Бұл жерлерге өндіріске жаңа агротехнологияларды енгізе отырып және ауыл шаруашылығы техникаларын жаңарта отырып, жұмыс істейтін азаматтар ие болуы заңдылық деп санаймын.

«AMANAT» партиясы  Президенттің қоғамдық және рухани тірегі ретінде оның барлық саяси және әлеуметтік-экономикалық бастамаларын толық қолдайды. Ақмола облыстық мәслихатындағы «AMANAT» фракциясының депутаттары Президент Жолдауында алға қойылған міндеттердің заңнамалық тұрғыдан орындалуын қамтамасыз етеді. Партия ашық диалогқа және ел дамуына үлес қосқысы келетін барлық азаматтармен бірлесе жұмыс істеуге дайын.

Берген БЕСПАЛИНОВ,
«AMANAT» партиясы Ақмола облыстық филиалының төрағасы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар