Жерді иесіз деме!
Қазақстан Республикасы Конституциясының 6-бабында жер мен оның жер қойнауы, су, өсімдіктер мен жануарлар дүниесі, басқа да табиғи ресурстар халыққа тиесілі екендігі айтылған.
Халық атынан меншік құқығын мемлекет жүзеге асырады. Жер қойнауына мемлекеттік меншік Қазақстан Республикасы мемлекеттік егемендігінің құрамдас негіздерінің бірі болып табылады. Мемлекет жер қойнауына заңнамалық актілерде көзделген негіздерде, шарттарда және шектерде қол жеткізуді қамтамасыз етеді. Тиісті ережеге сәйкес Ақмола облысы бойынша экология департаменті Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігі Экологиялық реттеу және бақылау комитетінің экологиялық реттеу және бақылау функцияларын жүзеге асыратын аумақтық органы болып табылады.
Заңдылықты қамтамасыз ету және заңды және жеке тұлғалар тарапынан құқық бұзушылықтардың алдын алу мақсатында департамент табиғатты қорғау заңнамасының талаптарын сақтау қажеттілігі туралы мәліметтерді халыққа жеткізеді және сонымен бірге оларды бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілік туралы түсіндіреді. «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» Қазақстан Республикасының кодексінде жер қойнауын пайдалану құқығын лицензия мен келісім-шарт негізінде мемлекет қана береді деп көзделген. Осыған байланысты пайдалы қазбаларды келісім-шартсыз немесе лицензиясыз иелену заңсыз болып табылады.
Соған орай, мемлекеттік органдардың тиімді өзара іс-қимылын қамтамасыз ету үшін Ақмола облысының аумағында кең таралған пайдалы қазбаларды заңсыз өндірудің жолын кесу жөніндегі іс-қимыл алгоритмі әзірленді. Осыған сәйкес Ақмола облысының полиция департаменті пайдалы қазбаларды заңсыз өндіру жағдайларын анықтайды және оларды ақпаратты есепке алу кітабына тіркейді. Бұл тіркелген материалдар Ақмола облысының кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасына жіберіледі.
Ақмола облысының кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы өз кезегінде Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің 2021 жылғы 20 тамыздағы №274 «Жер қойнауына келтірілген залалды экономикалық бағалау әдістемесін бекіту туралы» бірлескен бұйрығына сәйкес кең таралған пайдалы қазбалардың жер қойнауын заңсыз пайдалану нәтижесінде келтірілген залалға экономикалық бағалау жүргізеді.
Бұдан әрі материалдар Ақмола облысы бойынша экология департаментіне жіберіледі. Ол «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 802-бабының негізінде әкімшілік іс қозғайды және осы Кодекстің 139-бабы бойынша жер қойнауы ресурстарына келтірілген залал сомасының жүз пайызы мөлшерінде айыппұл салады. Міне, бұл шаралар табиғат байлығына қанша қызықса да, кез-келген жеке кәсіп иесі не шаруашылық субъектісін ойландыруы тиіс.
Олжас ҚАРПЫҚОВ,
Ақмола облысы бойынша экология департаменті мемлекеттік
экологиялық бақылау бөлімінің бас маманы – мемлекеттік экологиялық инспектор.
сурет www.lat.egemen.kz сайтынан
![]()

