Бабалар да жамбы атқан

Бәрекелді!

Айтуған Кәкей ұлттық спорттың осы түрінен Азия чемпионы атанды.

Ақмола облысының дене шынықтыру және спорт басқармасының хабарлауынша, жас спортшы бұл спортпен небары бір жыл бұрын ғана айналыса бастаған. Соған қарамастан, өңірлік турнирдегі жеңістен бастап, Қазақстан чемпионатының алтынын жеңіп алып, енді міне, Моңғолиядағы халықаралық жарыста да топ жарып отыр.

Айтуғанның жетістігі ұлттық спорт түрлерінің әлі де өміршең екенін әрі қазақстандық жаңа буынға шабыт беретінін дәлелдейтін жарқын үлгі-өнеге.

– Жарысқа бір ай қалғанда қарқынды жаттығуларға кірістік. Күн сайын таңертең және кешке 3-4 сағат дайындалдық. Мақсатымыз алтын медаль алып, Қазақстанның туын көтеру болды. Құдайға шүкір, еңбегіміз ақталды. Әсіресе, маған сенім артып, қолдау көрсеткен бапкерім Нұрсұлтан Жүсібалинге алғыс айтамын, – дейді Айтуған.

«Арқа ажарының өз ақпараты.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар