Екпе алу – тұмаудан қорғанудың сенімді жолы

Дәрігер кеңесі

Күз маусымының басталуымен жедел респираторлық вирустық инфекциялармен (ЖРВИ) және тұмаумен сырқаттану қаупі  дәстүрлі түрде артады.

Аталған инфекциялар ауа-тамшы жолы арқылы жұғады, адамдар көп болатын ұжымдарда және отбасыларында тез таралады, олар созылмалы аурулардың өршуімен,  пневмония және бронхиттің асқынуларымен де қауіпті.

Тұмау мен ЖРВИ аурудың қоздырғышы, белгілері және ауырлық деңгейі бойынша ерекшеленеді. Тұмауды А, В және С типті тұмау вирустары қоздырады, ол кенеттен басталып, дененің қызуы мен сырқырауы, әлсіздік, қалтырау белгілерімен өтеді. Ал ЖРВИ – әртүрлі вирустар қоздыратын кеңірек топтағы инфекциялар жиынтығы. Әдетте жеңіл өтеді, біртіндеп басталады және мұрынның бітелуі, тамақ ауыруы, жөтел сияқты белгілер басым болады.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының деректері мен Қазақстандағы зертханалық мониторингке сәйкес, 2025-2026 жылғы маусымда бірнеше тұмаудың вирустарының көрініс беруі күтілуде. Эпидемиологиялық маусымның қарқыны орташа деңгейде болады деп болжануда. Дегенмен, А/H1N2 штаммының басым болуы ықтимал. Сонымен қатар, вакцинаның құрамына енгізілген штаммдар айналымдағы вирустарға сәйкес келеді, бұл оның жоғары тиімділігін қамтамасыз етеді. Осы жағдайда ең сенімді алдын алу шарасы екпе болып қала береді.

Соған орай, Ақмола облысы аймағында 20 қыркүйектен бастап Ресейде өндірілген, Қазақстан Республикасында жаппай қолдануға тіркелген «Гриппол плюс» вакцинаcымен халықты тегін вакцинациялау басталады.

Біздің облыс бойынша биыл 84 мыңнан астам адамға екпе салу жоспарланып отыр, бұл Дүниежүзілік Денсаулық сақтау ұйымы ұсынғанындай, халықтың жалпы санының 10 пайызын құрайтын иммундық қабат қалыптастыруға мүмкіндік береді. Вакцинация тұрғындар тіркелген емханалар мен амбулаторияларда тегін жүргізіледі. Осы ретте, 6 айдан асқан балаларға, жүктіліктің үшінші триместріндегі әйелдерге, егде жастағы адамдарға, созылмалы аурулары бар науқастарға, медицина қызметкерлеріне, сондай-ақ, жабық мекемелердегі балалар мен ересектерге ерекше назар аударылады.

Уақытылы жүргізілген тұмауға қарсы иммундау тұмау мен ЖРВИ-дің жалпы сырқаттанушылық деңгейін төмендетіп, асқыну қаупін азайтады және денсаулықты сақтауға көмектеседі.

Ақмола облысының санитарлық-эпидемиологиялық
бақылау департаментінің инфекциялық және паразиттік ауруларды бақылау бөлімі.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар