«Көк шалғында» үлесі бар

Шебердің қолы — ортақ

Облыс орталығының тұрғындары мен қонақтары соңғы күндері «Көк шалғын» жобасының іске қосылуымен Көкшетау қаласының одан әрі көркейіп, ажарлана түскенін бірден байқады.

Осы сәтін салған үлкен шаруаға ақмолалық құрылысшылар мен сәулетшілердің өздерімен бірге, еліміздің кей аймақтарынан да осындай жұмыстарда тәжірибе жинақтап, шеберліктері толыса түскен небір шеберлер ат салысты.

Солардың бірі Еркін Көшікпаев Алматы қаласының «Арт студия» мекемесінен келіп, орталық алаңға көркем бағандарды орнатып, үйлестіруге қол ұшын берді. Ауа райының күрделілігіне қарамастан, ол өзіне сеніп тапсырылған бұл жұмыстарды күні бұрын белгіленген 20 күннің ішінде толық аяқтап шықты.

Қолы шебер маманның өзі біздің фототілшімізге сұхбатында өзімізде де жасауға болатын мұндай жобалар сырттан әкелінбеуі тиіс деп есептейді. Бұл үшін бір жағынан жастардың жұмысшы мамандықтарына қызығушылығын арттырып, екінші жағынан өндірісті дамыта түсуі керек.

Бұл жөні бар пікірге біздің де қосыларымыз анық. Ал, әзір алматылық шебердің «Көк шалғынға» қосқан үлесіне алғыс айтқанымыз абзал.

Суретте: дизайншы-шебер Еркін Көшікпаев.

Суретті түсірген Нұрболат Бектұрғанов.      

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар