Дебат
Жуырда Көкшетау қаласындағы №6 мектеп-лицейінің 8 «А» сыныбында «Жасанды интеллект мұғалім алмастыра ала ма?» тақырыбында пікірсайыс өтті.
Педагогикалық сынып табысты жұмыс істеп келе жатқан бұл білім ордасында ұйымдастырылған іс-шара Мұғалім күні қарсаңында мектеп директоры Гүлнәр Жантынқызының бастамасымен жүзеге асырылды.
Дебаттың төрешілері ретінде 11 сынып оқушылары қатысты. Олар сегізінші сынып оқушыларының уәждері мен дәлелдерін әділ бағалады.
Оқушылар өз эрудициясын, пікірталас жүргізу және сыни ойлау қабілеттерін көрсетті. Қызықты пікір алмасу барысында біреулері мұғалімнің қайталанбас рөлін қорғап шықса, енді біреулері жасанды интеллектің болашағы мен мүмкіндіктерін дәлелдеуге тырысты. Сайыс нәтижесінде жасанды интеллекті жақтаған команда жеңіске жетті.
Барлық қатысушыларға грамоталар мен құнды кітаптар табысталды. Сондай-ақ, арнайы қонақ облыстық кітапхана өкілдері де оқушыларға кітап сыйлады. Көрермендер қатарында ұстаздар да көп болды, олар да өзекті тақырыпқа ерекше қызығушылық танытты.
Іс-шараны жүргізген Жалғас Балташұлына және мектеп әкімшілігіне оқушыларға осындай мүмкіндік жасағаны үшін алғыс білдіреміз. Мұндай пікірталастар оқушылардың талдау, ой қорыту және шешендік қабілеттерін дамытып қана қоймай, мұғалім мамандығының қоғамдағы маңыздылығын тереңірек түсінуге ықпал етері сөзсіз.
Мүнира ҮРІМБАЕВА,
8 «А» сыныбының сынып жетекшісі.
![]()

