Құрметті ақмолалықтар!

Сіздерді Көкшетаудағы ауыл шаруашылығы жәрмеңкесіне шақырамыз!

2025 жылдың 11 қазанында сағат 8:00-ден бастап «Абылай-хан» алаңында әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасын тұрақтандыруға бағытталған ауқымды ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтеді.

Сіздерді Ақмола облысының өндірушілерінен 100 тоннадан астам экологиялық таза ауыл шаруашылығы өнімдері, сондай-ақ «Кokshe» ӘКК ҰК» АҚ тұрақтандыру қорынан келесі тауарлар күтеді:

* Сиыр еті
* 1-сортты ұн
* Қант, күріш, тұз
* Күнбағыс майы
* Макарон өнімдері
* Картоп, қырыққабат, сәбіз

Сондай-ақ, жәрмеңкеде ет және шұжық өнімдері, жаңа піскен балық, жұмыртқа, сүт және сүт өнімдері ұсынылады.

Барлық өнімдер нарықтық бағадан 10-15%-ға төмен бағамен ұсынылады!

Тиімді әрі сапалы сауда жасауға келіңіздер!

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар