Ауыз су бір орталықтан келді

Садовый ауылында жаңа су құбыры желісі пайдалануға берілді, деп хабарлайды облыс әкімінің баспасөз қызметі.

Ауылда қазіргі уақытта шамамен 700 адам тұрады. 1996 жылдан бері мұнда орталықтандырылған сумен жабдықтау жүйесі болмаған, яғни, тұрғындар шамамен 30 жыл бойы осыған қосылмай келді.

Жаңа су құбыры жүйесінің іске қосылу салтанатына Ақмола облысының прокуроры Руфат Құттықов, Зеренді ауданының әкімі Әсет Құрманғожин, ауыл тұрғындары қатысты. Жоба Мемлекет басшысының елді мекендерді 100 пайыз таза ауыз сумен қамтамасыз ету жөніндегі тапсырмасы аясында және заңсыз иелікке алынған активтерді мемлекетке қайтарудан түскен қаражат есебінен жүзеге асырылды.

Салтанатты шара барысында аудан әкімі мен облыс прокуроры ауыл тұрғындарын маңызды инфрақұрылымдық жобаға қосылғанымен құттықтап, оның ауыл тұрғындарының өмір сүру сапасын арттыруға бағытталғанын атап өтті.

Ауыл ақсақалы Оразалы Исин тұрғындар атынан алғысын білдіріп, жаңа ауыз су жүйесінің халық игілігіне қызмет ететініне сенім білдірді. Сонымен қатар, салтанатқа қатысушылар  ауыл тұрғыны Валентина Далакованың үйіне кіріп, жаңа су жүйесінен келіп тұрған судың сапасын байқап көрді. Бұдан кейін келген басшылар «Milk Project» ЖШС-нің сүт зауытында болып, кәсіпорын жұмысымен танысты.

«Арқа ажарының»өз ақпараты.

Зеренді ауданы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар