Әр тілде шырқалған ән ғажап…

Ассамблея айшығы

Осындай атаумен облысы орталығы Көкшетау қаласында облыстық фестиваль өтті. Оған жиырмадан астам этномәдени бірлестіктің қатысып, бақ сынады. Әр халық өкілі өзінің ұлттық иденцияфикациясын айшықтай түсетін өнерлерін паш етті.

Гала-концерт түрінде өткен фестиваль Ақмола облыстық ішкі саясат басқармасының ұйымдастыруымен жүзеге асырылды.

– Бұл фестивальға біздің әрбір этномәдени бірлестіктің жаңағы шығармашылық ұжымдары белсенді қатысуда. Биылғы жылы жиырмадан астам жаңағы шығармашылық ұжымдар қатысып, өз өнерлерін көрсетіп жатыр. Енді биылғы бұл сайыс осы 30 Ассамблеяның 30 жылдығына арналып отыр. Жүлделерді жақсы Гран Придің басты бас жүлдесі 1 миллион теңгені құрап тұр, бірінші орынға 500 мың теңге, екінші орынға біз 300 мың теңге және үшінші орынға 200 мың теңге осының барлығы жаңағы, – дейді облыстық ішкі саясат басқармасы басшысының орынбасары Сабырхан Кенжебаев.

Фестиваль жеңімпазы № 20 мектептің оқушысы Айым Ораз бас жүлде иегері атанды. «Қазақ тілі мен мәдениеті» қоғамдық бірлестігінің қатысушысы 1 миллион теңге көлемінде ақшалай сертификатқа ие болды. Облыстық байқауда топ жарған бүлдіршіннің отбасында өнер қанмен берілсе керек.

– Бұл сайысқа қатысар алдында, әрине, қобалжу болды. Бірақ, жақындарымның қолдауымен жарыста жеңіп шықтым.  Абайдың өлеңін таңдаған себебім, өзіме ол кісінің шығармалары жақын. Өлеңдерін, қарасөздерін оқимын. Болашақта өнер адамы болғым келеді. Әкем Сәрсенбай Хасенов филармонияда дәстүрлі әнші. Осы байқау туралы мен әкемнен естідім, – дейді жас талант иесі Айым Ораз.

Ал, бірінші орынды «Юлдаш» татар-башқұрт этномәдени бірлестігі алды. Екінші орынды облыстық орыс, славян ұлттық мәдени орталығының Дмитрий Майер есімді орындаушысы иеленсе, поляк ұлттық мәдени орталығының «Степовэ Квяты» вокалдық тобы үшінші орынды місе тұтты.

Әрине, мұндай байқаулар әр этностың өз ерекшелігін көрсетуде маңызды. Бірақ, көпэтносты мемлекетте Ассамблеяның ынтымақтастықты сақтауда рөлі орнықты болуы тиіс.

Бейбарыс ШАЛАБАЕВ,
«Арқа ажарының» өз тілшісі.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар