Партияластармен кездесу жалғасуда!

Партиялық жұмыс аясында «Алтын Ел» бастауыш партия ұйымының мүшелерімен кездесу өтті. Кездесу барысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жасанды интеллект дәуіріндегі Қазақстан: өзекті міндеттер және оларды цифрлық трансформация арқылы шешу жолдары» атты Қазақстан халқына Жолдауы талқыланды.

Қатысушылар Жолдау елдің дамуына стратегиялық бағыт беретінін атап өтіп, инновацияларды, цифрлық технологияларды енгізу және адами капиталды дамыту маңыздылығына назар аударды. Сондай-ақ экономика мен білім беру жүйесін жаңа цифрлық дәуір талаптарына бейімдеу мәселелеріне ерекше көңіл бөлінді.

Бұдан бөлек, кездесу барысында партияның ағымдағы қызметі жөнінде сөз қозғалды. ППО мүшелері партиялық жобалардың іске асырылуы мен «AMANAT» партиясының сайлауалды бағдарламасы аясындағы Жол картасының орындалу барысын талқылады. Жүргізіліп жатқан жұмыстар азаматтардың әл-ауқатын арттыруға, әлеуметтік бастамаларды қолдауға және партия мен халық арасындағы диалогты нығайтуға бағытталғаны атап өтілді.

Кездесу соңында қатысушылар Президент Жолдауында айқындалған міндеттердің жүзеге асуына белсенді атсалысуға және еліміздің әрі өңірдің дамуына өз үлестерін қосуға дайын екендіктерін білдірді.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар