Қытайда AQMOLA INVEST-тің өкілдігі ашылды

Екі жақты байланыс

Қытайға ресми сапармен барған Ақмола облысының делегациясы Шанхай қаласындағы Ұлттық көрме орталығында өтіп жатқан Импорттың халықаралық көрмесіне (CIIE 2025) қатысты.

Көрмеде ақмолалықтар өңірдің өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы, энергетика және туризм салаларындағы әлеуетін таныстырды. Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжанов Қазақстанның ұлттық павильонына барды, онда «Гормолзавод» ЖШС мен «Көкшетау минералды сулары» АҚ өз өнімдерін ұсынды.

Форум барысында өңір делегациясы көлік және сауда интеграциясы саласындағы ынтымақтастық туралы келісімдерге, сондай-ақ, Цзянсу провинциясы Нанкин қаласындағы Инвестициялық үйде Ақмола облысының «Aqmola Invest» инвестицияларды дамыту орталығының өкілдігін ашу туралы стратегиялық шеңберлік келісімге қол қойды.

Қол қою рәсіміне Цзянсу провинциясының губернаторы Лю Сяотао және Нанкин қаласы партия комитетінің хатшысы қатысты.

Сонымен қатар, облыс делегациясы «Қытай — Орталық Азия» форматындағы еркін сауда ынтымақтастық платформасының таныстырылымы тақырыбындағы панельдік сессияға қатысты.

«Арқа ажарының» өз ақпараты.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *