Ақмола облысында кәсіпкерлерді қолдауға бағытталған шаралар қабылданып жатыр. Облыстық мәслихаттың шешімімен облыстың 7 аймағында шағын және орта бизнес субъектілері үшін арнайы салық режимі (АСР) бойынша салық мөлшерлемесін төмендету қолдау тапты.
Атап айтқанда, бұл қатарға Қосшы қаласы, Аршалы, Атбасар, Астрахан, Бурабай, Ерейментау аудандары және басқа да аймақтар кіреді.
Қалған өңірлер бойынша шешімдер осы айдың соңына дейін қабылданады деп күтілуде.
Салық мөлшерлемесін төмендету, әсіресе қызмет көрсету және сауда салаларындағы кәсіпкерлерге қаржылық жүктемені азайтуға және бизнесті кеңейту мен дамытуға қосымша қаражат бағыттауға мүмкіндік береді.
![]()

