Жастар саясаты
Ақмола облысы жастар-ресурстық орталығының ұйымдастыруымен Көкшетау қаласының «Достар» мәдениет сарайында «Өз таңдауыңды жаса» атты бағдарламалық кеш өткізілді.
Қазіргі уақытта облыс аумағында отыздан астам жастар бірлестіктері мен ұйымдары бар. Олар мазмұны жағынан әртүрлі болғанымен, бір бағытта жұмыс істейді.
Аталмыш іс-шара 1 курс студенттеріне студенттік ортаға бейімделуіне көмек көрсету, түрлі бағыттар бойынша белсенді студенттермен жұмыс жүргізу құқықтық сауаттылық пен қоғамдық белсенділікті насихаттау, бос уақытты тиімді пайдалану мақсатында ұйымдастырылды.
Шара «Аманат» партиясы Ақмола облыстық филиалы жанындағы «Жастар Рухы» жастар қанаты, «Думан» педагогикалық жасағы, «Молот» және «Зияткер» пікірсайыс клубтары, Көкшетау қаласы бойынша «Қазақстан студенттер Альянсы», «Фэникс», «Мейірім» волонтерлік орталықтары, «Келешек» жастар кеңесі, «Алау» студенттік театры және тағы басқа ұйымдардың атсалысуымен өтті.
Шарада облыстық ішкі саясат басқармасы жастар және отбасы істері бөлімінің басшысы Айсұлу Мырзахметова сөз алып, жастарға игі тілегі мен сенімін білдірді.
Сонымен қатар, шара барысында концерттік бағдарлама ұйымдастырылып, әрбір ұйым көшбасшылары мен белсенділері студенттерді өздерінің қызметімен таныстырып, ұйым мүшесі болуға шақырды.
Жеңіс БАЛАБЕКОВ.
![]()

