Жоғары оқу орындарында
2025 жылы әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті Орталық Азияның жоғары оқу орындары арасында алғаш рет QS әлемдік рейтингінде 163-ші орынды иеленді. Бұл университетте білім берудің жоғары сапасының, ғылыми зерттеулер деңгейінің және шетелдік жоғары оқу орындарымен белсенді ынтымақтастықтың көрсеткіші.
ҚазҰУ-да мамандар даярлауда заманауи тәсілдер қолданылып, халықаралық стандарттар негізге алынады, 16 факультет және 120-дан астам оқу бағдарламасы Болон процесі мен жұмыс берушілердің сұраныстарына сәйкес келеді. Сонымен қатар, университеттің сапа менеджменті жүйесі оқу процесінің тұрақтылығына кепілдік беретін ISO 9001:2015 стандартына негізделеді. 2025 жылы QS World University Rankings by Subject рейтингінде ҚазҰУ бизнес және менеджмент саласындағы топ-201-ге кірді, ал, жаратылыстану ғылымдарында озық шықты.
ҚазҰУ-дың зерттеулері мен әзірлемелері оны басқа білім беру ұйымдарынан ерекшелендіреді. Университетте 3,5 мыңнан астам ғалым жұмыс істейді. Студенттер теорияны практикамен ұштастыра алады. Зертханаларда жұмыс істейді, конференцияларға және әртүрлі компаниялармен бірлескен жобаларға, ҚазҰУ ұтып алған ғылыми жобаларға, халықаралық гранттар бойынша зерттеулерге қатыса алады. Мысалы, «Компьютерлік ғылымдар» бағдарламасында студенттер машиналық оқытуды, жасанды интеллект пен бұлтты технологияларды зерделейді, сонымен қатар, нақты жобалармен жұмыс істейді, экономика факультеті «жасыл технологиялар» және цифрлық трансформация бойынша мамандар даярлайтын «Тұрақты даму экономикасы» жобасын іске асырады, медицина факультетінің биотехнологиялық зертханаларында пандемия кезінде алынған тәжірибе қолданылады.
Нәтижесінде ЖОО түлектерінің 95 пайыздан астамы, оның ішінде 70 пайызы оқу бітіргеннен кейін алты ай ішінде жұмысқа орналасады. Жұмыс берушілер ҚазҰУ түлектерін олардың терең білімі ғана емес, көшбасшылық қасиеттері мен стандарттан тыс ойлау қабілеті үшін де бағалайды. Оны QS Employability Rankings рейтингінің нәтижелері де дәлелдейді.
ҚазҰУ 100-ден астам елдердің университеттерімен ынтымақтасады, оның ішінде Гарвард, Оксфорд және МІТ-пен бірлескен бағдарламалар бойынша студенттер алмасу бағдарламасымен оқып, қос диплом ала алады. Ал, Алматыдағы студенттердің дамуы үшін барлық жағдай жасалған «ҚазГУград» кампусы сандық кітапханасы, түрлі орталықтары мен спорт кешендері бар 100 гектар аумақты қамтиды.
1934 жылы құрылған, бүгінде 90 жылдық тарихы бар ҚазҰУ түлектері мемлекеттік қызмет, бизнес, ғылым, мәдениет және денсаулық сақтау салаларында табысты еңбек етіп, Қазақстанның жарқын болашағын құруға белсенді үлес қосуда. 2024 жылы айрықша жетістіктермен QS-те 163-ші орынды иеленіп, Орталық Азиядағы көшбасшы жоғары оқу орны деп танылған ҚазҰУ-да сіз заманауи білім алып, болашақ мансабыңыздың берік негізін қалайсыз.
Айман ХАДЖИЕВА,
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ «Денсаулық сақтаудағы саясат және ұйымдастыру»,
кафедрасы меңгерушісінің міндетін атқарушы, экономика ғылымдарының кандидаты.
Мақсат ҚОНЫСБАЕВ,
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ «Денсаулық сақтаудағы саясат және ұйымдастыру»,
кафедра меңгерушісінің оқу-әдістемелік және тәрбие ісі жөніндегі орынбасары, аға оқытушы.
Ақерке СМАИЛОВА,
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дің «Денсаулық сақтауды басқару
мамандығы бойынша 1 курс магистранты.
![]()

