2025 жылғы 5 қарашада Мемлекет басшысының Жарлығымен мемлекеттің ішкі саясатының негізгі қағидаттары мен бағыттары бекітілді.
Ішкі саясаттың басты идеясы – Әділетті Қазақстанды құру. Ол «Заң мен тәртіп», «Халық үніне құлақ асатын мемлекет», «Адал азамат» және басқа да стратегиялық құжаттарда белгіленген қағидаттарға негізделген.
Заңдылық пен тәртіпті қамтамасыз ету үшін мемлекеттік органдар мен азаматтардың күш-жігері бір мақсатқа жұмылдырылуы қажет.
Мемлекет саясатын жүзеге асыру мақсатында облыс прокуратурасы танымал тұлғаларды, ардагерлерді және қоғамдық пікір көшбасшыларын осы іске тартуды жөн деп шешті. Осыған байланысты облыс прокуратурасы прокуратура ардагерлерімен бірлесіп, «Заң мен Тәртіп» Концепциясын іске асыру жөніндегі Қоғамдық кеңес құрды.
Кеңестің төрағасы болып Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Сенаторлар кеңесінің мүшесі Жабал Ерғалиұлы Ерғалиев сайланды.
Кеңес отырысында облыс прокуроры Руфат Құттықов мұндай қоғамдық Кеңестің құрылуы құқық бұзушылықтың алдын алу, сондай-ақ, азаматтардың құқықтық мәдениетін қалыптастыру ісінде мемлекеттік органдар мен қоғам өкілдерінің күш-жігерін біріктіруге мүмкіндік беретінін атап өтті.
Ақмола облысының прокуратурасы.
![]()

