Бурабай ауданының прокуратурасы «Қайталанатын қылмыстың алдын алу» жобасы аясында пробация қызметі және учаскелік полиция инспекторларымен бірлесіп мобильді жұмыс тобын құрды.
Бұл топ «Қайталанатын қылмыстың алдын алу» жобасы аясында құрылды.
Осы орайда, Ақмола облысы прокуратурасы өкілінің қатысуымен пробация қызметінің есебінде тұрған тұлғаларға тексеріс жүргізілді.
Оның барысында профилактикалық әңгімелесулер өткізу, сондай-ақ, олардың тұрмыс жағдайларын зерделеу жүзеге асырылды.
Тексеру қорытындысы бойынша заң бұзушылықтар анықталған жоқ, алайда, ондай жағдайлар бола қалғанда қолданыстағы заңнамаға сәйкес шаралар қабылданатыны есептегілерді ойландыруы тиіс.
![]()

