40 сағаттық қоғамдық жұмыс

Астрахан аудандық соты жергілікті тұрғындар мен мемлекеттік органдар өкілдерінің қатысуымен ашық сот отырысын өткізді.

Сот 2025 жылғы 1 қыркүйектен бастап ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 49-1 бабы «Қоғамдық жұмыстар» бабының қолданысқа енгеніне байланысты осылай өтті.

Сот отырысының ашық түрде өтуі азаматтардың құқықтық санасын арттыруға, тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алуға және заң мен қоғамдық тәртіпке деген құрметті қалыптастыруға бағытталғанын айта кету керек.

Сот отырысында азамат Л.-ға қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қаралды. Л. бір жылдың ішінде қайтадан отбасы мүшелеріне қатысты балағат сөздер айтып, құқықтық тәртіпті бұзған. Сонымен қатар, медициналық куәландыру арқылы жеңіл дәрежедегі алкогольдік мас күйінде болғаны анықталды.

ӘҚБтК-нің 73-бабының 2-бөлігіне сәйкес, мұндай құқық бұзушылық үшін 40 сағатқа қоғамдық жұмыстарға тарту немесе 10 тәулікке дейін әкімшілік қамаққа алу көзделген.

Сот қаулысымен Л.-ға осы 40 сағаттық қоғамдық жұмыс түріндегі әкімшілік жаза тағайындалды. Сонымен қатар, үш ай мерзімге мінез-құлқына ерекше талаптар белгіленді.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар