Көкшетау қалалық сотында Көкшетау қаласының тұрғыны М.-ға қатысты психотроптық заттарды аса ірі мөлшерде заңсыз сатып алып, сақтағаны үшін қылмыстық іс қаралды.
Сот анықтағанындай, М. заңсыз жолмен дәрігерден рецепттер алып, дәріханадан трамадол, тропикамид, ацетилденген апиын сияқты психотроптық заттарды сатып алып жүрген. Полиция қызметкерлері М.-ны есірткілік мас күйінде ұстап, жеке тінту барысында одан осы психотроптық заттар мен шприц тәркіленген.
Сотта М. өз кінәсін мойындап, рецепттерді жеке тұтыну үшін дәрігерден 10000 теңгеге сатып алғанын түсіндірді. Осыған орай, дәрігерге қатысты да қылмыстық іс қозғалды.
Жаза тағайындауда сот кінәлінің шынайы өкінетінін жеңілдететін, есірткілік мас күйінде қылмыс жасағанын ауырлататын мән-жайлар ретінде қарастырды. Сарапшының қорытындысына сәйкес, М. есірткі қолданудың салдарынан психикалық және мінез-құлықтық бұзылыстарға, тәуелділік синдромына шалдыққан. Сондықтан, мәжбүрлі емдеуді қажет етеді.
Сот үкімімен М.-ға 4 жыл 6 ай бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Алайда, «Рақымшылық туралы» Заңды қолданумен жаза мерзімі 3 жылға қысқартылды. Бұдан бөлек, сотталғанға жазаны өтеу мекемесінде есірткіге тәуелділіктен мәжбүрлі емделу міндеттелді. Үкім заңды күшіне енді.
Ақмола облыстық прокуратурасы мен Ақмола облыстық сотының материалдары бойынша дайындалды.
![]()

