Жетім балалардың құқықтары қорғалды

Облыс прокуроры Руфат Құттықовтың төрағалығымен жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың құқықтарының сақталуын тексеру нәтижелері бойынша алқа отырысы өтті.

Онда жергілікті атқарушы органдар жол берген тұрғын үй және өзге де әлеуметтік құқықтардың бұзылуы қаралды. Мысалы, 138 жетім бала тұрғын үй кезегінен заңсыз алынып тасталған, 21 бала мерзімдері бұзыла отырып кезекке қойылған, екі патронаттық бала қамқоршымен шарт жасамай бірге тұрған. Осы сияқты басқа да заң бұзушылықтар баршылық.

Бурабай ауданында мүлікке ауыртпалық салу жөнінде уақытылы шара қолданылмағандықтан, мұрагерлердің үйіне бөгде адам өз бетімен қоныстанып алған. Бұл ретте, соңғысы қылмыстық істің қатысушысы болып табылады.

Сандықтау ауданында екі жыл бойы жетім балаға арналған пәтерде мемлекеттік мекеме басшысы тұрған. Қолданылған шаралардың нәтижесінде мүлік мұрагерлерге қайтарылды, ал, мемлекеттік мекеме басшысы тұрған пәтер жетім балаға берілді.

Жоғарыда келтірілген мысалдар жекелеген жағдайлар емес. Қадағалау актілері бойынша 10 лауазымды адам тәртіптік жауапкершілікке тартылды, бір басшы қызметінен босатылды, тағы біреуі жұмыстан шығарылды. Сөйтіп, жетім балалардың құқықтары қалпына келтірілді.

Алқа отырысының қорытындысы бойынша облыс прокурорларына жетім балалардың құқықтарын қорғауға бағытталған нақты тапсырмалар мен ұсыныстар берілді.

Ақмола облыстық прокуратурасы мен Ақмола облыстық сотының материалдары бойынша дайындалды.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар