«Ғалиябану» ансамблі – Степногорск қаласында

АССАМБЛЕЯ

Ақмола облысында 48 этномәдени бірлестік қызмет етеді. Сонымен бірге, 104 аналар кеңесі мен 21 ақсақалдар кеңесі жұмыс істеп тұр. Облыста 100-ден астам этнос және этникалық топ өкілдері тұрады. Тәуелсіздік алған уақыттан бері еліміз тату-тәтті, бір шаңырақ астында, өзара бірлікте өмір сүріп келеді. 

Өткен жексенбі күні Степногорск қаласына облыс орталығынан татар және башқұрт этно бірлестігінің өкілдері қонаққа келді. Қоғамдық бірлестік төрағасы Рафаил Саитұлы Сулькарнаев қонақтарды бастап келді. Достық және шығармашылық үйінде нағыз мереке басталып кетті.

Бүгінде Ассамблея этносаралық және конфессияаралық қатынастар саласындағы мемлекеттік саясатты жүзеге асырушы маңызды құралға айналды. Сонымен қатар, ол Қазақстанда өмір сүріп жатқан барлық этностың өзара тең құқылығын қамтамасыз етуші алаң рөлін мүлтіксіз атқаруда. Оны Президентіміз Қ.Тоқаев та талай рет көптеген жиында тілге тиек етіп жүр.

Татар және башқұрт бауырлардың облысымызда «Ғалиябану» деп аталған халықтық ансамблі бар. Осы өнер тобына биыл 35 жыл толды. Бұл мерейтой облыс бойынша тойланып жатыр. Ұлы ақынымыз Абай Құнанбайұлының 180 жылдығы, ҚХА 30 жылдығына қоса тойлануда.

«Ақмола облысының татар және башқұрт» ҚБ төрағасы Рафаил Сулькарнаев ерік-жігері мықты, үлкен оптимист, үнемі жаңа идеяларға құмар, ол кез-келген мақсатқа жететін басшы. Құттықтау сөз сөйлеген Рафаил аға Достық және шығармашылық үйіне сыйлығын табыстады. Достық үйінің бөлім басшысы, шараны ұйымдастырушы Анар Қоржынбаеваға естелік медаль табысталды.

Осыдан соң, концерттік бағдарлама басталды. «Туған тіл» әні жүректерден орын алды. Шәмшінің «Кешікпей келем деп ең» әні қошеметке бөленді. «Аллаға шүкір» деп аталған өнер туындысы жақсы шықты. «Жұлдыз» деп аталған татар ансамблінің қыздары мың бұрала биледі. Рафхат Мухамеджанов жыр оқыды. «Мен татармын» деген өлең қолдауға ие болды. Гаухар Аминова тамаша әнін тарту етті. «Луллярэм» әнін Светлана Ибрагимова мен Ануза Умарова тамаша орындады. Башқұрт биін «Жұлдыз» ансамблінің бишілері биледі. «Алма ағаштары» деп аталған қос дауысты әнді өнерпаздар шырқап берді. Степногорск қаласының әншісі Роза Кушкумбаева да тамаша ән орындады. «Ғалиябану» тобының өнерпаздары әндер мен билерді көп орындады. Соның бірі «Арыс жағасында» әні болатын. Светлана Ибрагимова, Камиля Калишева және Рафхат Мухамеджанов бірлесе өнер көрсетті. Хормен де ән айтылды.

Абайдың «Көзімнің қарасы» әні жүректерден орын алды. «Татарым мен қазағым» деп аталған ән керемет шықты. Концертмейстер, Қазақстанның мәдениет қайраткері Марат Бектасов өнерпаздарды баянмен демесе, Лилия Жакишева да концертке зор еңбек сіңірді. 35 жылдық тарихы бар татар және башқұрт ансамблі жүректерден орын алды. Гульсара Дзюба апамыз бастаған жергілікті бауырлар да қонақтарға қошемет көрсетті. Анара Қоржымбаева естелік сыйлықтар мен Алғыс хаттар табыстады. Естелік үшін фотоға түскен соң, қонақтарға дастарқан жайылды. Осылайша, достық мақсатында болған концерт жүректерден орын алды.

Полатбек ЖАНБАЕВ.

Степногорск қаласы

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар